Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Амели Шәкім Cerebrate қосымшасын әзірлеп, Азиядағы Technovation байқауының өңірлік жеңімпазы атанды. Оған әлемнің 62 елінен 1 500-ден астам команда қатысқан.
Қосымша интерактивті ойындар арқылы инсульт алған адамдардың когнитивті және физикалық функцияларын қалпына келтіру үшін жасалған. Онда пациент пен дәрігерге бірдей тіркелуге болады. Сол арқылы олардың арасындағы тұрақты байланыс пен жалпы прогресті бақылау қамтамасыз етіледі. Афазиямен (инсульт науқастарында сөйлеудің бұзылуы) күресу үшін дауыс тану жүйесі қолданылады. Кейбір ойындарда толықтырылған шындық технологиясы пайдаланылған. Сондай-ақ пациенттің қысымын тұрақты бақылау мақсатында жасалған дәрі-дәрмектерді қабылдауын бақылайтын қолданбалы функциялар, GPS жүйелері, шұғыл жағдайда жедел жәрдем шақыратын жедел пернелер жиынтығы бар.
"Қолданба атауы Celebrate және Cerebrum – «тойлау» және «бас ми қабығы» деген екі сөзден құралған. Бұл – инсульттан кейінгі оңалту прогресінен туатын қуанышты білдіреді", – дейді жоба авторы.
[caption id="attachment_60845" align="alignnone" width="1126"]