Коронавирусты адамның тілінен білуге болады - пульмонолог
Коронавирусты адамның тілінен білуге болады - пульмонолог
© сурет инернеттен алынды
125
оқылды
Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов онлайн сұхбат беріп, адамның тілінің түсіне қарап, коронавирус жұқтырғанын анықтауға болатынын айтты. Дәрігер өкпеге темекі мен қорқор қаншалықты зиян екенін де айтты.
«Қорқор шегу адам ағзасына зиян. Оны адамдар қоғамдық орындарда шегеді. Оның ішінде туберкулез дертіне шалдыққан кісілерден кейін шеккен адамдар ауру жұқтырады. Қорқорды арнайы ерітіндімен бірнеше сағатқа зарарсыздандыру керек», - деді дәрігер.
Қорқор өкпе қабынуына әкелуі мүмкін. «Қорқор өкпеге өте зиянды. Бұл тұрғыдан ғылыми зерттеулер жасалған. Темекі шегу өкпенің іріңдеуіне соқтырады», - деді ол. Фтизиохирург иіс және дәм сезу қабілеті жоғалған адамдарға қатысты да ойын айтты.
«Дезинфекциялық құралдарды шашқанда аллергиялық реакция болуы ықтимал. Қысқа уақытқа иіс сезу қабілеті төмендеуі мүмкін. Бірақ, аллергияның себебінен дәм сезу қабілетін жоғалту сирек кездеседі. Мұрын құрғақ болса да, адам иіс сезу қабілетінен айрылса, ол коронавирус симптомы болуы ықтимал», - деді Абзал Малбасқанов.
Сонымен қатар дәрігер коронавирус жұқтырған адамда күмән болса, тілінің түсінен анықтауға болатынын айтты.
«Адамда күмән болса, айнаға қарап, тілін көруі керек. Тілінің түсі қарайып тұрса, коронавирус болуы мүмкін. Бұл ағзаның жағдайын көрсетеді», - деді дәрігер.