15 582 азамат жұмыспен қамтылды
15 582 азамат жұмыспен қамтылды
5,152
оқылды

14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жастардың өмірінің маңызды бөлігін жұмысқа орналасу мәселесі құрайды. Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау өтті.

Іс-шара «Нәтижелі жұмыспен қа­м­туды және жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақ­сатында ұйымдастырылды. Акцияға 60-қа жуық жұмыс іздеуші азамат қа­тысты. Атап айтар болсақ, қабылдауда Шым­кент қалалық мәслихатының хат­шысы Ғани Ташқараев, партиялық фрак­ция жетекшісі Бекайдар Төлегенов, қалалық партия филиалы төрағасының орын­басары Бауыржан Қуанышбеков, «Жұмыспен қамту» орталығының ма­ман­дары және жұмыс берушілер жұмыс­сыз жастарға кеңес берді. Қабылдауға кел­ген азаматтардың көтерген жұмыс­сыз­дық, атаулы әлеуметтік көмек, несие алу мәселелеріне тиісті жауап берілді.

Жалпы, бағдарлама кәсіби білім беру кәсіптік оқыту, жаппай кәсіп­кер­лікті дамыту, жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арт­тыру сияқты үш бағыт бойынша жүзе­ге асырылып отыр. Мемлекеттік бағдарла­ма аясында 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 15 582 тұрғын жұмыспен қамтылған. Жұмыс­пен қамту шараларымен 13 797 азамат, оның ішін­де 9 365 тұрғын тұрақты жұ­мыспен қам­тылса, 368 жас әлеуметтік жұмыс орын­дарына тұрақтаған. Ал ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 000-нан астам азамат жолданды. Бағдарлама шеңберінде 2 009 азамат жастар практи­касына қатысса, 402 мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға жұмыспен қамту-
дың белсенді шара­ларына жолдама берілді.