Атамекен» кеден бекетінен заңсыз тауарларды алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 5 ИВЛ аппараттарын шекарадан алып өтпек болған. Олар медициналық жабдықты үш жүк көліктерімен әкелген. Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, «Атамекен» кеден бекетінің және Жетісай ВЧ-2037 ОКП шекараның қызметкерлерімен бірлесе жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде заңсыз тауардың жолы кесілді. Сонымен қатар, «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде кеденшілер ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, салмағы 1 грамм гашишке ұқсас зат салынған сөмкесі бар Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан болатын. Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.