Коронавирус: Қазақстандықтар МӘМС-тен қандай дәрілерді тегін ала алады?
Коронавирус: Қазақстандықтар МӘМС-тен қандай дәрілерді тегін ала алады?
© сурет интернеттен алынды
Медициналық сақтандыру қоры халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жүз пайыз алдын ала төлем жасады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ-да өткен брифингте айтты. Оның айтуынша,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ науқастарды уақтылы үзіліссіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін «СҚ-Фармация» компаниясымен жасасқан шарттың сомасына алдын ала 100%  төлем жасады. Бірыңғай дистрибьютор бұл қаржыға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін өнім берушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасай алады.
"Атап айтқанда, МӘМС қаражаты есебінен амбулаторлық деңгейде балаларды бактерияға қарсы және ыстық түсіретін препараттармен, ересектерді – ауруханадан тыс пневмония нозологиясы бойынша бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. Биылғы 1 қаңтардан 17 шілдеге дейін ЖРВИ мен пневмония кезінде тегін дәрі-дәрмектерді 190,3 миллион теңге сомасына 165 мың пациент алды" ,- деді ол.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің тағы 5 түрін қосу мәселесін қарастыруда. Тізімде – парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан, дабигатран бар. Оларды үздіксіз сатып алу үшін Қор Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде қаржыландырады. Естеріңізге сала кетейік, медициналық сақтандыру қоры стационарлық және амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен  ТМККК шеңберінде және МӘМС пакетінде қаржыландырады.