Пәкістандық кәсіпкер онлайн форматта құрбандық шалатын сайтты іске қосты
Пәкістандық кәсіпкер онлайн форматта құрбандық шалатын сайтты іске қосты
126
оқылды
Пәкістанда Акиб Мухал есімді жас кәсіпкер онлайн форматта құрбандық шалатын сайтты іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни кез келген адам ол порталға кіру арқылы құрбандық шалуға қажет малдың түрін, түсін, салмағын таңдай алады. Тұтынушыға қажетті мінездеме, фотосуреттерімен бірге жіберіледі. Сондай-ақ қызмет түріне малды сойып, мұқтаж жандарға тарату да кіреді. Сондай-ақ құрбандық шалу барысына онлайн байланыс арқылы үйден шықпай көріп, кейін фото есебін де алуға болады. Пәкістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 274 мыңға жетті. 5842 науқас кеселден көз жұмды.
– Бұл жобаны елімізде Ковид-19 індеті өршіп тұрған соң іске қостық. Яғни тұрғындар қауіпсіздігі үшін үйден шықпай ақ құрбан шалуға қажетті малды таңдай алады. Осылайша исламдағы парызын интернет арқылы орындауына болады, - дейді кәсіпкер Акиб Мухал.