Атырауда Тұзды көлге баруға уақытша тыйым салынды
Атырауда Тұзды көлге баруға уақытша тыйым салынды
289
оқылды
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес,  28 шілдеден бастап Атырау облысы Индер ауданының аумағындағы Тұзды көлге баруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Индер ауданы әкімдігінің  баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірдегі карантиндік режимге қарамастан  аудан аумағында орналасқан Тұзды көлге және жасанды карьерлерге алыс-жақыннан келіп демалушылар бар. –  Күні бүгінге дейін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келді. Десе де, әр аймақтан келіп жатқан  демалушылар бар. Сол себепті,  облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде, 28 шілдеден бастап Тұзды көлге және жасанды карьерлерге баруға тыйым салынып отыр. Карантин режимінің сақталуын аудандық полиция қызметкерлері қадағалайды. Ережені елемей, тәртіпті бұзғандарға шара қолданылатын болады, – деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Тұзды көл