Карантинде 100-ден аса адамды жинап, ауласында той өткізген
Карантинде 100-ден аса адамды жинап, ауласында той өткізген
Фото: Интернеттен алынды
101
оқылды
Тойға 100-ден астам адам жиналған. Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулысына сәйкес, адамдар көп жиналатын мұндай шараларға тыйым салынған. Карантин талаптарын бұзған үй иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдануы үшін аудандық сотқа жіберілді. Маңғыстау полициясы тұрғындар мен қонақтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырады.