Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды
Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды
140
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Б.М. Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын» деп жазылған хабарламада.