Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры болып Айнагүл Шайкенова тағайындалды.
Nur Otan партиясының жұмысын «қайта жаңғырту» аясында Стратегиялық бастамалар институты Қоғамдық саясат институты болып қайта құрылды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек институттың жаңа басшылығына партияның қызметіне жедел қолдау көрсету, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеуді кеңейту мақсатында қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізудің нақты міндеттерін қойды.
Айнагүл Шайкенова әр жылдары Қостанай облысының әкімдігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары, Әлеуметтік технологиялар орталығының атқарушы директоры және т.б. қызметтер атқарды.