Карантинде киім мен косметикаға сұраныс күрт азайған
Карантинде киім мен косметикаға сұраныс күрт азайған
Фото: Интернеттен алынды
103
оқылды
«Пандемия кезеңінде интернет пен электронды мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Одан басқа, адамдардың карантин нормаларын сақтауына әсер ететін маңызды сервис – электронды коммерция болып саналады. Биыл біз осы саланың қарқынды дамуын байқап отырмыз», – деді вице-министр. Биыл алты айда интернет дүкендерден 20 млн жуық тауар сатып алынды. Қазақстандық интернет дүкендерден алынған тауарлар саны биыл 7 миллионнан 14 миллионға дейін екі есеге өсті.
«Карантин кезеңіндегі нарықты қарасақ, адамдардың алатын тауарлар санаты өзгерді. Киім мен косметиканы сатып алудың төмендеуі байқалды. Бірақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларын көбірек сатып ала бастады. Қазақстанда пандемия кезінде ең қажет тауарларға сұраныс күрт артқан.  Тиісінше, қазақстандық өндірушілерді онлайн сатуға шығару бойынша белсенді жұмыс істеу қажет», – деді Бағдат  Мусин.
Карантин себебінен фудтех және фармтех бағыттарына әлемдегідей Қазақстанда да сұраныс артқаны байқалады. «Өңірлерде азық-түлік өнімдерін сатып алудың онлайн сервистеріне сұраныс көп. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйретеміз. Сондай-ақ, фармацевтика сегментінде антибиотиктерді онлайн сатып алуда кедергілер бар, себебі онлайн рецептураның болуын талап етеді. Ол үшін біз Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп, онлайн рецептілер жүйесін дамытамыз», – деді Бағдат Мусин.