Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігін басқарады
Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігін басқарады
5,128
оқылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова жаңа Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинді «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына таныстырды.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Нұргүл Мауберлинова Алан Әжібаевқа жемісті жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді және жаңа жұмысында сәттілік тіледі.

Ерлан Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкентте дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары – «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 1998-2003 жылдары – Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009 жылғы ақпаннан ҚР Президенті Телерадио кешенінің бас директоры болды. «Бас редакторлар клубының» президенті.

«Құрмет» орденімен марапатталған. «Жылдың үздік журналисі» номинациясында «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996). Ресей журналистер одағының (1997) және Қазақстан журналистер одағы (2000) сыйлықтарының лауреаты. БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2008).