Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді
Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді
Фото: Интернеттен алынды
222
оқылды
«Ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Жалпы, министрлікке қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруіміз керек. Бұл мәселені сіздермен талқылаған болатынбыз. Бұл жай көтерген мәселе емес. Сіздердің бюджеттеріңіз бойынша тиісті мамандар талдау жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесінде осындай мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан, осы мәселені 1 қыркүйектен жүзеге асыруды тапсырамын», – деді министр. Жиында ЖОО-дағы грант құнын өсіру туралы Үкімет қаулысы қабылданғаны да айтылды. «Өткен жылы – 2019-2020 оқу жылында барлық оқу орындары жалақыны орта есеппен 20 пайызға көтерген болатын. Ал 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысын шамамен 21-32 пайызға дейін көтеру күтілуде. Бұл бағыт бойынша барлық ЖОО жұмыс істеп жатыр», – деді ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. Айта кетейік, биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырған болатын.