Қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Дуамбеков дүниеден озды. Бұл туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Facebook -тегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін таңғы сағат 8-де менің досым, белсенді қоғам қайраткері және нағыз азамат, аяулы әке Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды! Иманды болсын!», – деп жазды Айгүл Соловьева.
2000-2001 жылдары – Тараз мемлекетік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 2001-2003 жылдары – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары – Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры. 2004-2005 жылдары – «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы. 2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы» қоғамдық қорының президенті. 2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті болған.