Екі өңірде коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Екі өңірде коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
© сурет интернеттен алынды
5,124
оқылды
Шымкенттік дәрігерлер пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр. Стационарлық төсек орындарды резервке алып, дәрі-дәрмек қорын жасақтауда, - деп жазады otyrar.kz. Адамдардың шоғырлануын болдырмас үшін науқастардың үй жағдайында ем-дом алуына да мүмкіндік жасаймыз дейді ақ халаттылар. Салаға жауаптылар алдымен қаладағы қазіргі эпидемиологиялық ақуалға тоқталды. Осыған дейін шаһарда бас-аяғы 4708 адам КОВИД-19 жұқтырған болса, оның ішінде 2938 науқас емделіп шыққан. Бүгінгі күнгі маусым айының басындағы жағдаймен салыстырғанда пневмонияға шалдыққандар қатары екі есеге, жедел жәрдемге жүгінгендер қатары 38 пайызға азайған.
Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі де ерте. Себебі, пандемияның екінші кезеңі бас көтергенде ақ халаттылар сақадай сай болуы тиіс. Басқарма өкілдері шаһарда пневмония мен ЖРВИ дендегенде бірінен соң бірі ашылған стационарлық орындарды әзірге жаппаймыз деп отыр. Олар келесі кезеңге резерв ретінде алынады.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері алдағы уақытта науқастардың үйде жатып емделуіне басымдық бермек. Емханалар жанынан құрылған қосымша мобильді бригадалар саны қазір 197 -ге жеткен. Осыған дейін олар 16 мыңға жуық науқасқа көмек көрсетіпті.
«Тұрғындар онлайн кеңестер ала алады. Онда дәрігерлер емделу жолдарын қашықтықтан түсіндіріп береді. Бұл адамдардың шоғырлануын болдырмайды. Бұл да өз кезегінде ауруды тезірек жеңуге сеп болмақ», - дейді  Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасыныңы жетекші маманы Дәулет Шорабаев.
Дегенмен, шымкенттік ақ халаттылар пендемияның екінші толқыны қашан басталатынын дөп басып айта алмады. Бұл сайып келгенде халықтың санитарлық жағдайды қаншалықты ескеруіне байланысты екен. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Салаға жауаптылар қазір екі айлық дәрі-дәрмек қорын да жасақтап, тиісті тапсырыстарын да әлден ақ қамдап қойыпты. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында да коронавирустың екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады  облыстық әкімдіктің баспаасөз қызметі.
«Босаңсуға әлі ерте. Әлеуметтiк ара-қашықтықты сақтап, маска тағып жүру керек, бүкiл ережелердi орындау қажет. Бiз iндеттiң күздегi екiншi толқынына дайын болуымыз керек. Облыс орталығында тез салынатын инфекциялық аурухана бой көтермек. Жер телiмi анықталды. Құрылыс 2020 жылдың қазан айында аяқталады. Заманауи қондырғылар қойылады, оның iшiнде компьютерлi томограф пен 20 жасанды дем беру аппараты бар», — дедi өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.
Жасанды дем беру аппараттарының саны 73-тен 264-ке дейiн өстi. Пандемияға дейiн облыста 18 оттегi концентраторы болды, қазiр олардың саны 125-ке жеткен. Негiзгi ауруханалардың жанынан оттегi станциялар ашылады. Облыстық мәслихаттың сессиясында бұл мақсатқа 300 млн. тг. бөлу туралы шешiм шықты. Бұл оттегi баллондарын тасымалдау мәселесiн шешiп, дәрiгерлердiң жұмысын жеңiлдетедi. Облыста 5 компьютерлi томограф тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Келесi жылы тағы 2 заманауи томограф аламыз. Қазiр еншiмiзде 21 рентген аппараты бар, жыл соңына дейiн тағы 2 цифрлы аппарат алынады.
«Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету — маңызды жұмыс. Стационарларда 16 күндiк қор бар.Бiз дәрiлiк тұрақтандыру қорын құрып жатырмыз. Қорға бюджеттен 250 млн. тг. бөлiнбек. Бұл қаржы бүгiнгi облыстық мәслихаттың сессиясында бекiтiлдi. Осының арқасында дәрiханаларда 1 айлық қор жасалады», — деп жазды облыс әкiмi.
https://www.instagram.com/p/CDJAzuVJSJ3/