28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде:
- 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
- 554,3 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
- 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
- 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
- 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
- 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
- Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды.