Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді: Әкімдер Президентке есеп берді

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді: Әкімдер Президентке есеп берді

Облыс әкімдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын хабарлады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Олардың айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды",- деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде карантин шаралары 3 тамыздвн бастап біртіндеп жеңілдетілетінін айтқан болатын.