«Jas Otan» Жастар қанаты дәрігерлерге дәрумен сыйлады
«Jas Otan» Жастар қанаты дәрігерлерге дәрумен сыйлады
204
оқылды
Көкшетауда «Jas Otan» Жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының бастамасымен ақ халатты абзал жандарды қолдауға арналған «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы өтіп жатыр.  Шараға Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, ректор Мади Елубаев басшылық ететін А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қолдау білдірді. Осылайша,  дәрігерлерге дәруменге толы себет сыйға тартылды.  width= «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын бүгін бастадық. Ауруханаларға барып, дәрігерлерге құрамында қажетті дәрумендері бар жеміс-жидектер салынған себет береміз. Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген, күндіз-түні аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қолдауымыз қажет. Акцияны бірнеше күн бойы өткізсек дейміз. Күніне үш ауруханаға барамыз», – дейді «Jas Otan» Жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев. Ол акцияның қандай қаржыға өткізіліп жатқанын да айтты. «Акция А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қолдауымен өтіп жатыр», – деді ол.  width= Белсенді жастар бүгін жедел жәрдем стансасы қызметкерлеріне қуаныш сыйлады. Ары қарай Көкшетау қаласындағы 5 стационарға баруды жоспарлап отыр.