Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Желіде полиция қызметкері әріптесін қолмен салып жіберіп, итерген видеосы пайда болды. Бұл Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев екендігі де хабарланады.
"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлеріне қатысты өрескел әрекет қолданған фактідегі видео тіркелді. Бұл оқиға 20.04.2010 жылы Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған. Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл факті бойынша ішкі тергеу жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.https://www.instagram.com/p/CDLw1SxAirk/