Түркияға әуе рейстері 10 тамыздан бастап ашылуы мүмкін

Түркияға әуе рейстері 10 тамыздан бастап ашылуы мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Қазақстаннан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашу жоспарланып жатқанын айтты.

"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Рыспеков онлайн-брифингте.
Бұған дейін ол  Грузия және Таиландқа рейстер тамызда ашылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ Дастан Рыспеков қазақстандықтар Бурабай мен Алакөл курорттық аймақтарына отбасымен бару үшін бір адам тест тапсыруы керек екенін ескерткен болатын.