Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді

Рейдте індет кезінде аса қажетті 47 дәрі қорына және бағасына мониторинг жүргізілді.

А.Ахметқазы
Шілде 28, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді
30
қаралым

Бүгін «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шәкерхан Тойбаев, аудандық партия филиалының кеңесшісі Шырын Еркінбек аудандағы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің іс жүргізу маманы Жұлдыз Исимбаева Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді.

Рейдте індет кезінде аса қажетті 47 дәрі қорына және бағасына мониторинг жүргізілді. Дәріхана иелеріне қажетті дәрілерді қайдан алуларына болатыны айтылып, олардың бағасын тұрақты ұстаулары сұралды. Соңғы апталарда ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс көбейіп, тұрғындар сақтық мақсатында аталған дәрілерді көптеп сатып алып жатқаны байқалады.Жұмыс тобының рейдтік қорытындысы бойынша, аталған дәрілердің бір қолға сатылатын мөлшеріне шектеме қою және бағаны тұрақты ұстау жөнінде дәріхана иелеріне нақты ұсыныс берілді.

                                                                        

Рейд кезінде браконьерлерден 360-тан астам киік мүйізі тәркіленді

Дәріхана төңірегіндегі кезекті дау

Жамбыл облысында түнгі рейд барысында ішкі істер органдарына 120 жасөспірім жеткізілген

                                 Дәрігерлерге жемістер мен тәтті тағамдар жеткізілді

Бүгін республикалық «Дәрігерлерге алғыс» акциясының аясында Nur Otan партиясының Өскемен қалалық филиалы қаладағы №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ауысыммен жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне жемістер мен тәтті тағамдар жеткізіп берді.

Айта кетейік, мұнда 70-ке жуық дәрігерлер мен медбикелер үш апта бойы үйлеріне бармай арнайы бөлінген жатаханаларда жатып, COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде.

Бұл игі іске партияның белсенділері мен жақтастары қаржылай көмек көрсеткенін атаған абзал.

Мұндай қолдау алдағы уақытта жұқпалы аурулар бөлімшелері бар басқа ауруханалардың медицина қызметкерлеріне де көрсетілетін болмақ.

Жасотандықтар бетперде таратты

Сонымен қатар бүгін Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының облыстық филиалындағы жастар қоғамдық орындарда кезекті рет бетперделер таратты. Нақтырақ айтсақ, бұл игі шара облыс орталығындағы арбатта ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперде тағуын жүйелі жүзеге асыру, қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.

                                                        Бородулиха ауданы

«Nur Otan» партиясы Бородулиха аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мирагүл Бабақанова партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мейрамгүл Атаевамен бірге аудан орталығында орналасқан дәріханаларда коронавирустық инфекциямен күреске ұсынылған дәрілік препараттардың, олардың аналогтарының болуына, сондай-ақ осы препараттардың бағасына арнайы рейд жүргізді.

Рейд нәтижесі вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер бар екенін көрсетті, дәріханаларда кезек байқалмайды. Медициналық препараттардың екіден көп емес бумасын бір қолға босатуға қатысты түсінік жүргізілді. Дәріханалардың сатушылары мен иелеріне бағаны көтеруге жол берілмейтіндігі туралы ескертілді.

Дәурен Аллабергенұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

 
Тегтер: дәріханаКүршімрейд
Алдыңғы жаңалық

Құрбан айт: Өңірлерде қойдың бағасы қандай?

Келесі жаңалық

Коронавирус: 20-26 шілде аралығында 208 адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан, газ, Өмірзақ Шөкеев
Жаңалықтар

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 2021
Боран «естен» тандырды
Әлеумет

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 2021
томография
Әлеумет

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 08:32

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 08:30

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 08:07

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 08:00

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 07:48

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 07:30

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Түркістан, газ, Өмірзақ Шөкеев

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 2021
Боран «естен» тандырды

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»