Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Карантин радикализмді шектеді ме?

Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сенсек, пандемия экстремистік идео­логияның таралуын әсте шектеген жоқ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гу­­терриш өз мәлімдемелерінің бірін­­де «коронавирус пандемиясы ксе­нофобия мен жек көрушілік қа­сиет­терінің артуына әкеп соқты» деп өкініш білдірген еді. Әлемнің түк­пір-түкпірінде жұмыс істеп жат­қан экстремистік ұйымдар COVID-19 дер­тін өз мақсаттарына пайда­ланып, қо­ғамға іріткі салып, тұрақсыздық ту­ғызуға үндеген. Терроризм мен экстремизмді зерт­тейтін халықаралық  ұйымдардың баяндамалары осыны аңғартады. 

«Айқын» ақпарат
Шілде 29, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
karantin

© коллаж: Елдар Қаба

111
қаралым

Қазақстанда 22 шетелдік террористік ұйым­ға тыйым салынған. Олардың қа­та­рын­да әл-Қайеда, Шығыс Түркістан ис­лам қозғалысы, Талибан қозғалысы, Таб­ли­ғи Жамағат, Ислам мемлекеті (ДАИШ), Фронт-ән-Нусра, т.б. бар. Кейбір экст­ре­мистік ұйымдар пандемияны адамдарды үр­кітіп-қорқыту үшін пайдаланып жатса, ен­ді бірі әр елдегі өз жақтастарын көпшілік орын­дарға барып, көп адаммен араласып, ко­ронавирус дертін биологиялық қару ре­тінде пайдалануға шақырған. Яғни, ауру­ды кеңінен таратуға үндеген.

Жақында Атырауда көпшілік БАҚ-тың на­зарынан тыс қалған сот болды. Атырау қа­ласының тұрғыны Instagram желісінде Қа­з­ақстан аумағында тыйым салынған Да­рын Мубаровтың бейнеуағыздары мен ді­ни насихаттарын жүктегені үшін Әкім­шілік құқықбұзушылық кодексінің 543-бабының 2-тармағына сәйкес жазаға тар­тылып, 38 892 теңге көлемінде айыппұл тө­леген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеу­меттік желідегі парақшасында хабар­ланған еді.

Жалпы, пандемия мен карантин, лок­даун Қазақтанның интернет кеңістігінде бел­сенді боп келген, тыйым салынған те­ріс ағым-қозғалыстардың, миссио­нер­лердің уағызына қалай әсер етті? Неге жас­тар теріс ағымдардың арбауына оңай түсе­ді? Мамандардан сұрап білген едік.

БҰҰ бас хатшысы екпе салдырды

«Әлемде 40 млн-нан астам адам құлдықта өмір сүреді» – БҰҰ

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришке жеделхат жолдады

 

 

MyxanМұхан ИСАХАН,
діни сарапшы:

Теріс ағымдардың
пандемияны түсіндіруі еш қисынға келмейді

– Салафизм ағымындағы кей топ­тардың белсенділігі пандемия тұсында арт­ты деуге келмес, себебі олар бұрыннан бел­сенді. Қоғамдық мәселелерде әрқай­сысы өз жамағатымен жұмыс істейді ғой. Олар адамзатқа келген пандемияны «Құ­дай­дың ескертуі, шариғаттан бездіңдер» де­гендей ойлармен түсіндіріп жүр. Қа­зақ­станда тыйым салынған 20-дан астам экстремистік ұйым бар ғой. Мәселен, бас­қа теріс ағымдардың ішінде «біздің пірі­мізді, тақсырымызды жете бағалама­дыңыздар, қазіргі дерт Құдайдың беріп жат­қан жазасы» дегендей әңгімелерді әлеу­меттік желілерде кеңінен таратуда. Олар­дың қай-қайсысы да «біздің идеоло­гия­мызды қолдамадыңыздар, бұл Құдай­дың жазасы» дегендей ойларын алға тар­тады.

 Теріс ағымдардың кейбір шейхтарға, тақсырларға, пірлерге бағынбағандықтан, пан­демия шығып кетті деуі еш қисынға кел­мейді. Бұл күлкілі. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағ­дай. Бұған жеке бір адамдардың құр­мет­теліп-құрметтелмеуінің қатысы жоқ. Оның үстіне, жақсылық та, жамандық та Құ­дайдан екеніне шәк келтірмейміз. Бірақ Құдайдың атынан бұлай сөйлеу мүлдем дұрыс емес.

Кезінде Президент Жолдауында ки­бер­қалқан енгізу мәселесі көтерілген еді. Содан бері елімізде ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан көп жұмыстар атқарылып жатыр. Теріс ағымдардың уағызы дер ке­зін­де бұғатталып отырады.        

 

SerikСерік БЕЙСЕНБАЕВ, 
әлеуметтанушы:

Экстремистік идеологияның
негізгі тұтыну­шылары – жастар

– Радикалды идеология сөзінің ауқы­мы кең. Егер халықаралық тәжірибеге қа­расақ, бұны экстремистік идеология жә­не зорлық-зомбылыққа шақыратын идеология деп бөліп айтар едім. Себебі өзінің өмір салтын түбегейлі өзгерткен адам қоғам үшін радикалды болып көрінуі мүмкін.  Бірақ бұл оның басқаларға қауіпті екенін білдірмейді. Сол сияқты салафизмді радикалды идеологияға теңестіріп жатады, бірақ бұл даулы мәселе. Себебі салафизмнің ішінде түрлі бағыттар мен идеялар бар. Барлығы да зорлық-зомбылыққа шақы­рады деп айтуға болмас. Мәселен, таза экстремистік идеология ретінде ДАИШ ұйы­мын жатқызуға болады. Олар Сирия мен Иракта белсенді, идеологиясы экст­ремистік.

Шынын айтсақ, пандемияға дейін де әлеуметтік желілер теріс идеологияны таратудың бірден-бір көзі болатын. Мысалы, Сирияға кеткен қазақстандықтар сырттағы уағызшылармен әлеуметтік желі арқылы байланысқа түсіп отырған. Пандемия кезінде бұл үдеріс күшейген шығар. Себебі тікелей қарым-қатынасқа жол жабық. Қазақстанды алсақ, әлеуметтік желіні қаншалықты жиі қолданатынына баға беру өте қиын. Себебі Ақпарат министрлігі тарапынан үнемі арнайы мо­ниторинг жүреді. Барлық қауіпті арналар, пабликтер бірден анықталып бұғат­тал­ғандықтан, олардың ықпалын бағамдау, сарап­тау қиын. Мысалы, Өзбекстанмен салыстырсақ, олардың Youtube арнасында экстремистік идеологияны тарататын бір­н­еше уағызшы бар. Ал Қазақстандағы уа­ғызшылардың экстремистік үгіт-насиха­ты интернеттен түгелдей жойылған. Бұл Қа­зақстанның ақпараттық-технологиялар тұрғысынан үлкен мүмкіндіктері барын көрсетеді.

Түптеп келсек, экстремистік идеоло­гия­­ның негізгі тұтынушылары – жастар. Бұл жастардың әлеуметтенуіне байла­ныс­ты. Жастар 18-19 жасында өзін-өзі іздеп, алдына үлкен мақсаттар қоя бастайды, егер мақсаты болмаса, өмірден басқа мән-мағына іздейді. Сондай қиын-қыстау ке­зеңде өзіне қолдау таппай, керісінше, пси­хологиялық алалаушылыққа тап болса, экстремистік идеологияға тартылады. Жастардың барлығы емес, белгілі бір категориясы ғана теріс жолға түседі. Мы­сал үшін, жас кезінде зорлық-зом­былықты көріп өскен, заң бұзуға, қылмысқа баруға бойын үйреткен, отбасында дұрыс тәрбие алмаған адамдар экстремистік жолға тезірек түсіп кетеді.

Бұл мәселемен күресудің жолы көп. Оның бірі – интернеттегі уағызды бұғаттап тастау. Бұл бір ғана жолы және оның тиім­ділігі де күмәнді. Шартты түрде мұны мем­лекет жүз пайыз өз бақылауына алып отыра алмайды. Қанша каналдары бұ­ғатталса да, телеграмдағы жабық каналдар ар­қылы мұндай уағызды таратуға мүм­кіндіктері бар. Әсіресе, қазіргідей тех­нология дамыған кезеңде барлығын бірдей ұстау мүмкін емес. Сол себепті бірден-бір жолы азамат­тарды өзара толеранттылыққа ша­қыру. Қандай да бір дін, ұлт өкілі бол­сын, оған ең алдымен адам, азамат ретінде қа­рауды үйрету қажет. Жастардың бойында сыни ойлауды дамыту өте маңызды. Ақпа­ратты тұтыну мәдениетін де қалыптастыру керек.

 

Jyldis1Жұлдыз ТӨЛЕУ, 
Қазақстан психоаналитиктер
қауымдастығының мүшесі:

 Террористердің балалық шағына үңілу керек

– Еуропада қазір терроризммен кү­рес­те психоаналитиктерді көптеп тартып жа­тыр. Мәселен, 2018 жылы Халықаралық пси­хоанализ қауымдастығы «Зорлық-зом­былықпен күрес» комитетін құрып, тер­роризм­мен сотталған адамдардың жанына үңіліп, оларды емдеуге көмектесіп жатыр. Осыған байланысты таяуда еуропалық психоаналитиктердің вебинарына қатыс­қан едім. Сонда бір профессор «адамдарды аяусыз қырып-жоятын қанышерлерге адам ретінде қарауға болмайды, олар қатаң жа­заға лайықты деп қарсылық білдіре­тіндер көп. Бірақ қатыгездік тек қатыгездік туғызады. Қылмыскерлер де сәби болған, бала болған. Олардың жан жарасына үңі­ліп, адамгершілік танытпасақ, қатыгездік көбейе түседі» деп айтқан еді.

Сол секілді террористік ұйымдардың, ра­дикалды топтардың қатарына кіріп жатқан қазақстандық азаматтардың ба­лалық шағына үңілетін болсақ, олардың кө­бі 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың ба­сындағы тоқырау кезеңінде туған. Ата-ана сол жылдары бала тәрбиесінен қол үзіп, тамақ табу үшін дорба арқалап кетке­нін жақ­сы білеміз. Әсіресе, бұл қиындыққа ер адамдар шыдамады. Көбі жұмыссыз қал­ған­дықтан, ішкілікке салынып кетті. Отбасында әке тәрбиесінің рөлі шатқа­лақтап қалды. Бізде әдетте баланың есінде ешнәрсе қалмайды деп жатады. Шын мәнінде адам жатырда пайда болғаннан ешнәрсе ұмытылмайды. Бәрі адам бей­санасында жа­тады. Сол балалар өсе келе іш­тей идеал әке іздей бастайды. Бірақ бейса­насында ата-анаға деген өкпе-реніш қалып қойған.

Психоанализ негізін қалаушы Зигмунд Фрейд суреттегендей, діни топтың бас­шы­лары өздерін бәріне бірдей Құдай ретінде, мейірімді, шапағат тілеуші әке, ақиқаттың өзі ретінде көрсетеді. Бұл жөнінде француз психоаналитигі Жан-Пьер Винтер де айт­қан. Ол жан жарасы бар бала идеал әкені іздеймін деп, көбіне байырғы әкеге (бағзы замандағы тек күш қолданатын қаһарлы әке) ұрынып жатады дейді. Қазіргі кезде байырғы әке дегеніміз – қылмыс әлемінің бас­шысы, диктатор, террористік ұйым­дар­дың жетекшілері, есірткі тасымалдаушылар т.б. болуы мүмкін. Себебі адам бейсана­сын­да адамзат дамуындағы барлық эволю­ция­лық кезеңнің жадылары сақталған. Адам регрессияға, агрессияға бой алғанда, міндетті түрде бағзы кезеңдегі қатыгездік кө­ріністер орын алады.

 

К.АЙТБАЙҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: Антониу Гутерришрадикализмэкстремистік идеология
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда таксилердің 80% ресми тіркелмеген

Келесі жаңалық

«Шетелден 16 миллион 700 мың маска жеткізілді» – Шымкенттің әкімі Тоқаевқа есеп берді

Ұқсас жаңалықтар

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті
Жаңалықтар

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Наурыз 1, 2021
қыз
Жаңалықтар

6 жасар қыз апаттың алдын алды

Наурыз 1, 2021
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Жаңалықтар

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
Ақмолада Алғыс айту күніне орай мыңнан астам шара ұйымдастырылды
Жаңалықтар

Ақмолада Алғыс айту күніне орай мыңнан астам шара ұйымдастырылды

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Наурыз 1, 16:37

6 жасар қыз апаттың алдын алды

Наурыз 1, 16:33

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 15:59

Ақмолада Алғыс айту күніне орай мыңнан астам шара ұйымдастырылды

Наурыз 1, 15:38

Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Наурыз 1, 15:35

Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Наурыз 1, 14:59

Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Наурыз 1, 14:46
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Наурыз 1, 2021
қыз

6 жасар қыз апаттың алдын алды

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»