Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ерікті болдың, елге еңбегің сіңді…

Волонтерлік – қазақтың қанында бар. Елде қорда­лан­ған әлеу­меттік мәселені хал­қымыз асар әдісімен, өзара қол ұшын беру арқылы ше­шіп отырған. Алайда бер­тін­де жұртты жөнді-жөн­­сіз үнемі тегін жұмысқа күш­теп жұмылдыруға жаман үй­рен­ген Кеңес үкіметінің теріс тірлігі азаматтарды әбден ығыр етті. Салдарынан ерік­ті жұмыс дегенді естісе, қа­зақстан­дықтардың ке­жегесі кері тар­тып тұрады. Ал за­ма­­науи өлшемге сәйкес, во­лон­­терлер санының көп болуы – елдің өркениеттілігін және озық дамығанын паш етеді.

«Айқын» ақпарат
Шілде 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
erikti
57
қаралым

Қазақстанда Волонтер жы­лының аяқталуына бес-ақ ай қалды. Ресми дерек бойынша, қазіргі уақытта республикада 50 мыңнан астам белсенді мүшесі бар 500-ден көп волонтер ұйымы әрекет етуде.

Әйткенмен, осы қозғалыстың кең өркен жаюына кедергі кел­тіретін мәселелер де анық­талуда. Оларды жою үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлер қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Биыл Волонтер жылы ая­сында еріктілер қызметінің инфра­құрылымы түзілді, республикалық фронт-офис, волонтерлікті қолдаудың 17 өңірлік орталығы іске қосылды. Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасы бар. Онда 900-ден аса жоба ор­наластырылған. Волонтерлік қызметпен айналысатын сту­денттер үшін «әлеуметтік сту­дент­­тік кредиттер» енгізілді. Ерік­тілердің жобалары мен бас­тама­лары жүзеге асырылуда.

«Асар» ма, әлде әкім «Алдар» ма?

Жалғызбасты зейнеткерлерді қуантпақ

Ресейде індетпен күрестен күйзелгендер жылқы терапиясымен емделуде

Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда бұл қозғалыс жанданды. Барлық өңірде елге ақысыз-пұлсыз адал қызмет еткен азаматтар жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы отба­сыларға бетпердені, қорғаныш заттарын, азық-түлікті жеткізуде. Олар мемлекеттің тамақ өнімдері жиын­тығын, дәрі-дәрмекті тасы­малдаумен, бетперде тігумен айналысады. Сондай-ақ карантин және шектеу талаптары сақталуы үшін полицейлік рейдтерге қаты­сып жатқандары да жетерлік.

 

Елдің жартысы ерікті болуға дайын

2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Волонтерлік қызмет туралы» заң қабылданды. Оны қабылдау осы қоғамдық құбылысқа қатысты бірыңғай түсінікті айналымға енгізуге, саладағы қоғамдық қаты­нас­тарды анықтауға, қоғамдық күш-жігерді жандандыру үшін заңды алғышарттар жасауға мүм­кіндік берді. Бірақ осы істе кемшін тұстардың барын және оны жаңа заң аясында реттеу қажетін өмір көрсетіп отыр.

Халықаралық зерттеулерге сәйкес, Қазақстан «азаматтық белсенділік және волонтерлік қыз­мет деңгейі төмен елдер» тобына жатады. Мұны отандық әлеуметтік зерттеулер де растайды. Бүгінде қазақстандықтардың бар-жоғы 6%-ы ғана белсенді волонтер екен («Азаматтық қоғамдағы жағ­дайды зерттеу» әлеуметтік зерт­теуі). Сұрау салуға қатысқан ел тұр­ғындарының 63%-ының ешқандай волонтерлік қызмет тәжірибесі жоқ («Қазақстан жағдайында қайырымдылық пен донорлық жүйесі» зерттеуі).

Дегенмен бұл қозғалыстың әлеуеті зор: халқымыздың 48,7%-ы еріктілер ісіне араласуға ынта-ықылас білдірген.

Ниет еткендер көп, онда неге нақты атсалысушылар аз? Сарап­шылардың байламынша, бірнеше негізгі түйткіл бөгесін болып отыр және ол заң жүзінде кешенді шешуді талап етеді. Мысалы, волон­­терлік қызметке қатысуды ынталан­дыру, көтермелеу жет­кілік­сіз. Еріктілерді есепке алу жүйесі дамымаған. Осындай аза­мат­тарды өз­гелерге үлгі етіп, жо­ғары қыз­меттерге ілгерілету деген жоқ.

Енді қолданыстағы заңның олқылықтарына тоқтала кетсек. Ол заң волонтер мен волонтерлік ұйым арасындағы қарым-қатынастың сипатын айқындамайтын болып шықты. Егер бір топ ешбір құжат-құқықсыз әлдебір адамдардың еңбе­гін пайдаланып, ақша төле­месе, ол – құлдық болар еді. Ерік­тілер жұмысы басқаша жолға қойылуы тиіс.

Әйтсе де, қолданыстағы Аза­маттық кодексте жұмыстарды өтеусіз орындау үшін келісімшарт жасасу деген ұғым жоқ. Тек ақылы қызмет көрсетсе ғана тараптар шар­т­қа қол қояды. Еріктінің құқы­ғын қорғау үшін жазбаша нысанда азаматтық-құқықтық шарт қажет. Осыған байланысты жаңа заңда қоғамдық пайдалы мақсатта ерікті жұмысты ақысыз орындау үшін шарт жасасуға міндеттейтін норма енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар уәкілетті ор­ганға (Ақпарат және қоғамдық даму министріне) волонтер мен волонтерлік ұйым арасында жаса­латын сондай шарттың үлгісін бекіту жүктелмек.

 

Волонтер кітапшасы пайда болады

«Волонтерлік қызмет ту­ралы» қазіргі заңда еріктінің мәр­тебесін растайтын және оның қоғамдық пайдалы жұмысының өтілін (стаж) есепке алатын ешқандай сәйкестендіру құжаты қарастырылмаған болып шықты.

«Осы мақсатта еңбек кітап­шасы үлгісінде жеке «волонтер кітапшасы» және еріктінің элек­тронды куәлігі енгізілетін болады. Волонтерлерді тіркеу­дің оңайлатылған тәртібі іске қосылады. Сонымен бірге волон­тер кітапшасы мен еріктінің е-куәлігін рәсімдеу және беру тәртібі айқындалады. Дәл осы екі құжат – еріктінің жеке басын және оның мәртебесін растайтын дербес құжаты бола­ды» делінген заң жобасының тұжырымдамасында.

Әрине, мұндай құжат алу және ұстап жүру оқушылар мен сту­денттер үшін ғана мақтаныш болуы мүмкін. Ересектер ынталан­дыру­дың басқа тәсілдерін қажетсінеді.

Елімізде жүйелі волонтерлік қозғалысты дамыту үшін ел Үкіметі азаматтарды ынталандыру жүйесін енгізуді жоспарлауда. Мысалы, волонтерлік қызмет азаматтың еңбек өтіліне қосылмақ. Сондай-ақ ол еңбегі университет не кол­леджге түсу кезінде ескерілуі керек. Қауіпті жұмыстарға тарты­ла­тын волонтерлердің өмірін мем­лекет сақтандыруы шарт. Черно­быльдағы атом стансасы жары­лы­сының салдарын жоюға ерікті түрде барып, кейін ауру-сыр­қау күйде елеусіз, көмексіз қалды­рылған комсомолдардың қайғылы тағдыры қайталанбауы тиіс.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің байламынша, Қазақстанда волонтерлер қызметін еңбек өтілі деп тану тәртібі жоқ. Бұл олқылықты жаңа заң түзеуі қажет.

 

Еріктілерге – табысты лауазым

Еңбек кодексіне өзгеріс ен­гізу арқылы тағы бір жаңалық өмірге жолдама алмақ: еріктілер қызметіне тартылған тұлғаларға жұмыс берушісі жұмыс орнын сақтай отырып, ақысы төленбейтін әлеуметтік демалыс беруге міндетті болады. Әйтпесе, өңірлерді тасқын су басқанда, халыққа әлеуметтік көмекті тарату керек болғанда, кейбір адамдар ізгі іске қатысқысы келеді, алайда бастығы жібермейді.

Қолданыстағы заңнама бо­йынша волонтерлер қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік фактормен байланысты жұмыс­тарға да жұмылдырылады. Мысалы, қыста түтеген боранмен, көктемде күркіреп аққан қызыл сумен, жазда сарт-сұрт жанған орман өртімен күреседі. «Волонтерлік қызмет туралы» заңның 6-бабына сәйкес, волонтерлік қызметтің негізгі түрінің бірі – «орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюда көмек көрсету» болып саналады.

Бетін аулақ қылсын, бірақ сонда ерікті жазым болса, артында шулап қалған отбасына ешбір меморган көмек көрсетпеуі мүмкін. Себебі Еңбек кодексіне сай, жұмыс беруші тек өз жұмыскері алдында материалдық жауапкершілік арқалайды: әкімдік – өз қызметкерлеріне, ТЖ құрылымдары және Ұлттық ұлан – өз жауынгерлеріне жауап береді. Волонтерлік ұйым болса, еріктінің өміріне жауапты емес. Сондықтан жаңа заң жобасында волонтерлердің өмірін сақтандыру, оның қызметі кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген шығынды өтеу бойынша әлеуметтік кепілдіктер енгізу жоспарланып отыр.

«Халықтың волонтерлік қызметке қатысу ынтасын арттыру үшін жоғары оқу орындарына түскенде, мемлекеттік қызметке тұрғанда, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдарға жұмысқа орналасу кезінде еріктілерге артықшылықтар беруді заңнамалық түрде бекіту ұсынылады» делінген құжат тұжырымдамасында.

Бүгінде елімізде ерікті болу үшін азамат кәмелетке толып, 18 жастан асуы тиіс. Жаңа заң жобасында ол межені 16 жасқа дейін төмендету ұсынылады. Өйткені «Еңбек кодексінде» қазақстандықтарға 16 жастан бастап еңбек шартын жасасуға рұқсат етіледі.

 

Әлемнен – үздік үлгі

Дамыған елдерге еріктілерге қуатты қолдау көрсетілетіні мәлім. Мысалы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ирландия және басқа елдерде волонтерлер тегіс пәрменді медициналық көмекпен қамтылады. Америкада оларға медициналық сақтандырудың 5 түрі ұсынылады. «Бейбітшілік кор­пусы», «Америкорп» (AmeriCorps), «Еріктілердің лютеран корпусы», еріктілердің католиктік желісіне кіретін ұйымдар секілді ірі және ауқатты волонтерлік ұйымдар өз мүшелерін толығымен қам­қорлыққа алады. Еріктілікке дейін АҚШ-тың Medicare ұлттық сақтандыру жүйесіне (бізше – МӘМС) кірген азаматтар осындай ұйымға мүше болысымен, сақ­тандыру жарнасын төлеуден босатылады. Себебі волонтерге «Америка корпусы» аталатын тегін сақтандыру полисі көзделген.

Америкалықтар волонтер жеңілдіктерін мектептен бастап зейнетке шыққанша өмірінің барлық кезеңінде пайдаланады. АҚШ-та Отанға өтеусіз қызмет ететін ерікті ЖОО-ға, колледжге түсуде басымдыққа ие.

Францияда волонтерлерге зейнеткерлікке ерте шығуға құ­қық берілген (préretraite). Бұл аза­маттарға егде жаста ерікті қызметін өрістетіп, өзін Отанға, қоғамға керек сезінуіне ықпал етеді.

КСРО-ның 15 респуб­лика­сының бірі болған Молдова еуропалық бағдары аясында волонтерлік қозғалысты серпінді дамытуда. Оларда заң бойынша айына 20 сағаттан артық тегін қызмет істейтін адамдар міндетті түрде ерікті деп танылады және есепке алынады. Ерікті қызметі «жұмыс тәжірибесі» ретінде ескеріледі. Волонтерлерге меди­циналық қызметтер қолжетімді. Жазатайым оқиғаға ұшыраса, өтемақы ұсынылады. Оның сапары және тәулік бойғы тамақ және тұрғын шығындары бюджеттен өтеледі. Сырқатқа шал­дықса, күтімі бойынша жәрдемақы алады.

Қарап тұрсақ, әлемде ын­таландыру тәсілдері сан алуан. Қа­зақстанға тек соның өзіне қажеттісін таңдау және осы ізгі қозғалыстың өркендеуіне серпін беру ғана қалады.

 

Айхан ШӘРІП

 

 

 
Тегтер: асарволонтерерікті
Алдыңғы жаңалық

«Шетелден 16 миллион 700 мың маска жеткізілді» – Шымкенттің әкімі Тоқаевқа есеп берді

Келесі жаңалық

Коронавирусқа шалдығып, үйінде емделгендерге дәрі тегін беріледі

Ұқсас жаңалықтар

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин
Жаңалықтар

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин

Наурыз 5, 2021
ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді
Жаңалықтар

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 2021
әлем чемпионаты
Жаңалықтар

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Наурыз 5, 2021
Түркия, көңіл айту жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин

Наурыз 5, 13:49

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 13:06

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Наурыз 5, 13:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Наурыз 5, 13:00

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 12:42

Туристерді тамсандырар нысандар

Наурыз 5, 12:30

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 5, 12:11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин

Наурыз 5, 2021
ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»