Нұр-Сұлтанда бірқатар ауру­ханада жоспарлы емдеу қайта жалғасады
Нұр-Сұлтанда бірқатар ауру­ханада жоспарлы емдеу қайта жалғасады
151
оқылды
Қабылданған карантин шара­лары мен емханаларда амбу­латориялық емдеуді күшейту медицина мекемелері мен қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтты. Осы­лайша, жоспарлы емдеу №1 және №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында, №2 қалалық көпсалалы ауруханада қайта жанданды. 3 тамыздан бастап қаладағы емханалар да жоспарлы емдеуді жалғастырады. Сонымен қатар бір күн бұрын қалалық психикалық денсаулық орталығындағы жұқпалы ауру­лар стационарынан КВИ-мен ауыратын соңғы науқас емделіп шықты. Мұқият дезин­фекциядан кейін ПДО бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын қайта бастайды. Осылайша, 5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаларға түскен науқастар саны екі есе – 1 348-ден 633-ке азайды. Жедел жәрдем станcасына қоңыраулар саны 3 есе азайды – 3 мыңнан күніне 1 100-ге дейін. Оның ішінде КВИ бойынша  күніне 500-ден 89-ға дейін. КВИ-ден емделіп шыққан науқастар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-і емделіп шықты. Төсек-орын қорына жүктеме деңгейі 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді. COVID-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азамат  қатаң санитария нормаларын, маска тағып, ара­қашықтық сақтауы қажет.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Нұр-Сұлтан