Трамптың Huawei-мен ісі жоқ

Трамптың Huawei-мен ісі жоқ

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың қытайлық телекоммуникация­лық концерн – Huawei-мен ісі жоқ екенін ашық айтты. Алайда әкімшілік компания үшін жеңілдік кезеңін ұлғайтатынын хабарлады.

Бұған дейін ақпарат құрал­дарында АҚШ-тың Сауда министрлігі Huawei ком­па­ниясына берілген мерзімді 90 күнге ұзарту ниеті барын мәлімдеген еді. Reuters тарат­қан ақпарға сәйкес, бұл өз кезе­гінде қытайлық кон­церн­ге өз тұтынушыларына қызмет ету үшін америкалық компа­ниядан тауар сатып алуға мүмкіндік береді.

Жексенбіде Ақ үй басшысы журналистерге ұлттық қауіп­сіз­дік мәселесін желеу етіп Huawei-мен іс жүргізгісі кел­мей­тінін айтты. Екі күннен кейін Google қытай компа­ниясын мобильді операциялық жүйе Android-тың жаңарту қызметінен айырды. Кейіннен Құрама Штаттардың Сауда министрлігі АҚШ аумағында мобильді құрылғыларды бағ­дар­ламалық жаңартуға 90 күн­ге арналған уақытша бас ли­цензия ұсынды. Аталған ли­цензияның уақыты 19 та­мыз­­да аяқталды.

16 мамырда Huawei және оның 70 филиалы АҚШ-тың Сауда министрлігінің қара тізіміне енген еді. Мұндай шешімге президент Дональд Трамптың ақпараттық технологияларға корпорация тарапынан қауіп бар деген себебімен Төтенше жағдай енгізу туралы жарлығы түрткі болды.

19 мамырда Google Alphabet Inc Huawei-мен әріптестікті тоқтатқанын мәлім етті. Кейін­нен қытай корпорация­сымен Qualcomm, Intel, Broadcom өзге де бағдарламалық қамтамасыз ету және микро­чип өндіретін бірқатар ком­па­ния әріптестікті үзетінде­рін хабарлады.


Сафина АҚТАЙ