Көпбалалы отбасының үйі өртеніп, үш баласы қайтыс болды
Көпбалалы отбасының үйі өртеніп, үш баласы қайтыс болды
Фото: ТЖБ-нан алынды
168
оқылды
Алдын ала белгілі болған ақпарат бойынша таңғы сағат 05.19-да жер үй өртене бастаған. Өрт 100 шаршы метрді шарпыған.
«Үйде 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасы болған: ата-анасы 1979 және 1981 жылдары туған, ал 5 ұл бала 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары дүниеге келген әрі 2012 жылғы қыз бала бар. Жақын маңдағы мамандандырылған №4 өрт сөндіру бөлімі 25 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілер келгенше үйдің иесі 2004 және 2012 жылы туған баласы мен әйелін өрттен алып шыққан» делінген ресми хабарламада.
Өрт толығымен таңғы сағат 08.25-те сөндірілген. Оқиға орнынан 3 баланың мәйіті табылған.