Алдын ала белгілі болған ақпарат бойынша таңғы сағат 05.19-да жер үй өртене бастаған. Өрт 100 шаршы метрді шарпыған.
«Үйде 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасы болған: ата-анасы 1979 және 1981 жылдары туған, ал 5 ұл бала 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары дүниеге келген әрі 2012 жылғы қыз бала бар. Жақын маңдағы мамандандырылған №4 өрт сөндіру бөлімі 25 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілер келгенше үйдің иесі 2004 және 2012 жылы туған баласы мен әйелін өрттен алып шыққан» делінген ресми хабарламада.Өрт толығымен таңғы сағат 08.25-те сөндірілген. Оқиға орнынан 3 баланың мәйіті табылған.