Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Ауыл дәрігерлері көмектен қалыс қалмады

Қарағанды облысында «Дәрігерлерге мың ал­ғыс!» акциясы қарқын алу­да. «Nur Otan» партия­сы­ның Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған шараға Парламент Мәжі­лісінің депутаттары Гүлнар Бижанова мен Василий Олейник те қосылды.

«Айқын» ақпарат
Шілде 29, 2020
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
Karaganda
38
қаралым

Медицина қызметкерлерін қолдау акциясын «Nur Otan» пар­тиясы жанындағы «Jas Otan» Жас­тар қанаты мен өңірдің ме­це­нат­тары, белсенді партиялықтар ұйым­дастырды.

Коронавирус инфекциясымен күрес кезінде ауылдағы про­визор­лық орталықтардың жағдайы ауыр болды. Оларда білікті маман­дар­дың тапшылығы айқын байқалды. Де­генмен қиындыққа қарамастан, бар­лық медицина қызметкерлері тәу­лік бойы емге мұқтаж жан­дар­дың қасынан табылды, көмегін аямады.

«Nur Otan» партиясының қо­ғамдық бақылауы аясында Пар­ламент Мәжілісі депутаттары Гүл­­нар Бижанова, Василий Олей­ник пен облыстық партия фи­лиа­лы төрағасының орынбасары Қа­ди­ша Оспанова Бұқар жырау ауда­нының бірнеше нысандарына арнайы барып, жағдаймен таны­сып қайт­ты. Депутаттар «Нұрлы жер», «Нұр­лы жол», «Жұмыспен қам­­­тудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» мем­лекеттік бағдарлама­ларын жү­зеге асыру барысымен танысты. Са­пар барысында аудан-қала­лар­дағы үкіметтік емес ұйым­дар, облыстық басқармалар мен де­партамент басшылары, әкім­дердің орынбасарлары, жергілікті жердегі ішкі саясат бөлімдерінің жетек­ші­лері мен бұқаралық ақ­парат құ­ралдары өкілдері қа­тысқан форум өтті. Қатысушы­лар­дың бар­лығы партияның «Дә­рігерлерге мың ал­ғыс!» акциясына қолдау білдірді.

Ауылдарды аралап жүріп халыққа көмек көрсететін керуен жолға шықты

Жақсылыққа үндеген акция

Ұлттық спортты насихаттап жүрген журналист емделу үшін көпшіліктен көмек күтеді

Форумнан кейін Бұқар жырау ауданының медицина қызметкер­леріне партия өкілдері алғысхат пен пакет табыс етті. Олардың әрқайсысына ылғалды сулықтар, қол кремі, бал, лимон, минералды су және тағы басқа салынды.

Бүгінде дәрігерлердің жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. COVID-19 індетінiң таралуы төмендеп ке­леді. Облыстық медицина мекеме­лері қажетті дәрі-дәрмек пен құ­рал-жабдықтарды алуды жалғас­тыруда, – деді партия филиалы төрағасының орынбасары Қади­ша Оспанова.

Қарағандылық кәсіпкерлер осы қиын кезеңде денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетіп, жерлестерге қамқорлық жасауда. Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов Ботақара кентінің ауруханасына жақын арада жет­кізілетін ӨЖЖ аппаратына қаржы аударды.

Ақтоғай ауданында да орталық аудандық аурухана мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар көмек алды. Мұнда да қайырымдылық акциясының бастамашысы – «Nur Otan» партиясының мүше­лері. Ақтоғайлықтар оттегі кон­цен­траторын, пульсоксиметр, Боб­ров аппаратын және басқа да жабдықтарды сатып алуға 2,5 млн теңгеге жуық қаражат жинады. Акцияны Шашубай кентінің мектеп және балабақша қызмет­керлері де қолдады. Олар медици­налық мекемелерге диагнос­ти­калық құралдарды сыйға тартты.

«Nur Otan» партиясының Сәт­баев қалалық филиалы мен партия ардагері Қорғанбай Құлшариев «СПТВС» ЖШС бірлесіп, тубер­кулезге қарсы диспансерге, Орта­лық қалалық ауруханаға және Сәт­баевтың медициналық-сани­тарлық бөліміне 200 литр қымыз, 50 келі ет жеткізді.

Партияның Нұра аудандық фи­лиалы «Жер» фермерлік қожа­лығымен бірге 100 литр қымыз жинап, Нұра ауданының орталық ауруханасын қамтамасыз етті.

Ұлытау ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Дәурен Байболов аудандық орталық ауру­ханаға 200 келіден астам ет, 30 литр қымыз, 100 келіден астам көкөніс және басқа да азық-түлік тапсырды.

Қарқаралы ауданының тума­лары да өздерінің туған жерінде орналасқан ауруханаларға оттегі концентраторын тапсырды. Кә­сіпкерлер Нұрлан Мұсипов пен Ер­мұрат Зейнешев, Қараған­ды­дағы «Тазалық Эксперт» ЖШС басшылары өз қаржыларына 8 оттегі концентраторын сатып алып, Қарқаралы мен Егіндібұлақ ауылдарының ауруханасына жет­кізді. Бұдан бұрын «Темірзат» ЖШС басшысы Айдын Мезгіл­баев оттегі концентраторын Қар­қа­ралы ауданының орталық ауруханасына тапсырған болатын.

Ал Жаңаарқа ауданының тұрғындары Қарағанды, Теміртау, Абай, Жезқазған, Сәтбаев, Нұра және Жаңаарқа аудандарының ауруханаларына 5 тоннадан астам қымыз, бір тоннаға жуық құрт, ірімшік, саумал жинап, жеткізді.

Шахтинск қаласындағы орта­лық аурухананың жансақтау бө­ліміне Мельниковтар отбасы авто­маттандырылған төсек сый­ла­ды. Арнайы жабдық Мәскеуден тапсырыс беру арқылы сатып алын­ды. Кереует пультпен басқа­ры­лады, әртүрлі жату режимін орнатуға болады. Терінің ойылып қалуына қарсы матрац бар, оның ауа қысымы компрессормен реттеледі.

Облыс орталығында нұротан­дықтар ауруханалардағы медици­на қызметкерлеріне күн сайын «Алғыс пакеттерін» тасымалдауда. «Дәрігерлерге тағзым» акциясы аясында Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы ба­за­сында жұқпалы аурулар госпита­лінің дәрігерлері азық-түлік жиын­тықтарын алды. Онда күн сайын екі ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етеді.

«Алғыс пакеті» госпиталь қыз­меткерлерінің тілектерін ескере отырып жасалды. Аптап ыстық күн­дері олар арнайы костюм, бет­перде және қолғаппен жүруге мәж­бүр. Әрбір жиынтыққа ылғал­ды майлықтар, қол кремі, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар салынды.

«Nur Otan» партиясының BizBirgemiz, «Дәрігерлерге мың ал­ғыс!» республикалық акциясы ай­мақта карантин толық аяқтал­ғанға дейін жалғасады. Күн сайын оған меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенділер атсалысуда.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА
Қарағанды облысы

 

 

 
Тегтер: «Дәрігерлерге мың алғыс!»акцияауыл дәрігерлерікөмек
Алдыңғы жаңалық

Найзағай түскен жаңа үй өрт сөндірушілер келгенше өртеніп кетті

Келесі жаңалық

Қарағанды 11 млн теңгеге алған аппаратты Ақмола облысы неге 31 млн теңгеге сатып алған?

Ұқсас жаңалықтар

ауа райы, тұман, жел, боран, қар
Жаңалықтар

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 5, 2021
барыс
Жаңалықтар

Жамбылдағы барыстар

Наурыз 5, 2021
онлайн қабылдау
Nur Otan

Қала тұрғындарының арызын тыңдады

Наурыз 5, 2021
Елеусінов
Жаңалықтар

Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 5, 07:03

Жамбылдағы барыстар

Наурыз 5, 07:00

Қала тұрғындарының арызын тыңдады

Наурыз 5, 06:50

Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?

Наурыз 5, 06:40

Жаңа комиссия құрылады

Наурыз 5, 06:30

Елордада туберкулез азайған

Наурыз 5, 06:20

Балабақшадағы мәселе қаралды

Наурыз 5, 06:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауа райы, тұман, жел, боран, қар

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 5, 2021
барыс

Жамбылдағы барыстар

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»