Brexit: Британияға қауіп күшейді ме?
Brexit: Британияға қауіп күшейді ме?
123
оқылды

Ұлыбритания Еуродақты келісімсіз тәрк етер болса, мемлекет азық-түлік, жанармай, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі, бағалардың өсуімен бетпе-бет келеді. Бұл туралы Sunday Times басылымы жеке танысқан құжаттамада жазды.

Құжат Британияның ми­нистр­лер кабинеті секретариаты­мен жасақталған. Британ үкіметі құжаттың шындыққа жанасаты­нын растады. Sunday Times кел­тір­ген құжаттамаға сәйкес, келі­сім­сіз Brexit-тің салдары төмен­дегідей болмақ:

– жаңа азық-түліктердің құны қым­баттайды әрі мейлінше қолже­тімсіз болуы ықтимал;

– Британия құрамына енетін Солтүстік Ирландия және тәуел­сіз Ирландия Республикасы үшін толыққанды шекара түзіледі;

– Жанармай жеткізуде мәсе­лелер пайда болады;

– Дәрі-дәрмек жеткізу, инсулин, тұмауға қарсы вакцина­лар баяулайды;

– Еуропа үшін әуе және темір­жол хабарламаларын жеткізуде кідіру болады;

– Кедендік тексеріс салдары­нан британия айлақтарының жұмысы үш айға дейін бұзылады.

Sunday Times құжаттамада Британия Еуродақтан келісімсіз шығатын болса, «осындай ықти­мал салдарлар» болуы мүмкін. Алайда бұл ең нашар салдар емесін алға тартады. Дегенмен Brexit дайындығына жауапты министр Майкл Гоув Twitter-де бұл Британияға ықпал етер «ең нашар» салдарлар екенін жазды. Гоув Борис Джонсон премьер-министр лауазымына сайланған­нан кейін елдің Еуродақтан шығуы бойынша бірқатар нақты жұмыс жасалғанын алға тартты.

Аптаның сәрсенбісінде Джон­сон Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі, ал бейсен­біде Франция президенті Эмма­нуе­ль Макронмен кездесу үшін Францияға барады.

Берлин мен Парижде өтетін кездесулер барысында Джонсон Британияның Еуродақтан шығуы­ның жаңа шарттарына қол жеткізбек ниетте. Британ пре­мьер-министрі не болса да елді Еуродақтан 31 қазанда шығараты­нына уәде етті. Британияның шешім қабылдауына аз ғана уақыт қалды: соңғы дата – 31 қазан. Алайда Еуропа лидерлері Британиямен Brexit бойынша жаңа келіссөздерге бармайтынын бірнеше рет мәлімдеп үлгерді.

 

Сафина АҚТАЙ