Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте қаражат үнемделді

Шымкент қаласының әкімдігі карантин шарасының ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтай­лан­дырып, 11,2 млрд теңге қаржыны үнемдеді. Қала мәс­лихатының кезектен тыс 68-сессиясында депутат­тар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті.

«Айқын» ақпарат
Шілде 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Shimkent
41
қаралым

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауру­ханаларды дәрілік заттар мен ме­дициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша бас­панамен қамтамасыз етуге және оларды көлікпен тасымалдауға, оттегі стансасын орнатуға жұм­салса, 236,3 млн теңге қаланы дез­инфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 млн теңге қаладағы жұқ­палы аурулар госпиталының құ­рылысына бағытталған.

Сонымен бірге үнемделген қаржының 219,1 млн теңгесі аза­маттарға әлеуметтік көмек көр­сетуге бағытталмақ. Сондай-ақ 989,8 млн теңге білім саласындағы мектептер мен мектеп-интернат­тарды материалдық-техникалық жаңғыртуға, 111,7 млн теңге алты көпқабатты тұрғын үйдің 12 лифт қондырғысын ауыстыруға және қалған қаржы шағынаудандағы инфрақұрылым мәселесі мен абаттандыруға жұмсалады деп жоспарлануда.

«Қысқартылған қаржылар негізінен мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іссапар шы­ғыстарынан, мекемелердің мате­риалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Атап айту керек, карантин шек­теу­лерге қарамастан қалалық бюд­жеттің кірісі төмендеген жоқ. Мәселен, қалалық бюджеттің өзін­дік кірісі 21,8 млн теңгеге ұл­ғайып, 133 млрд теңгеге жетті. Ал қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары жүзеге асыры­луда» деп атап өтті қала басшысы.

COVID-19: вакцина салдырасыз ба?

Шымкент атшабары үшін арпалыс тоқтар емес

Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Бұдан бөлек, Шымкентте бюд­жет қаржысына қол салмай, кәсіпкерлерді тарта отырып, қаланы көркейту шаралары да жүзеге асып отыр. Дәл бүгінгі таңда қалада қызу құрылыс жүріп жатыр. Қала көшелеріне жаппай жөндеу жұмыстары жүрсе, көпқа­батты үйлердің қасбеті ретке келтірілуде.

Соның бірі – Қаратау ауда­нында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті қалпына келуде. Бұл жұ­мыстарға сол үйлердің тұрғын­дарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясын­да жүзеге асырылып отыр.

Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұловтың айтуынша, «Асар» шағынауданда 2017 жылы пайда­лануға берілген 30 көпқабатты үй­де сыртқы әрлеу жұмыстары жүр­гізілуде. Нысанда 12 бригада жұ­мыс істесе, оның әрқайсысында 8 құрылысшыдан бар. Үйлерді қап­тауға өте сапалы «сайдинг» ма­те­риалы қолданылып жатыр.

«Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын «Ақ Орда» Корпора­ция­сы» ЖШС көтеріп жатыр», – дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол «Нұрсәт» шағынауданындағы №18, 19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің сырт­қы қасбетін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» ЖШС және «Арт Құрылыс» ЖШС тара­пынан жүргізілсе, «Ақжайық» ша­ғынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақ­стан» ЖШС жүргізіп келеді.

 

Назгүл НАЗАРБЕК, 
Шымкент қаласы

 

 

 
Тегтер: Бюджетіндетқаражат үнемделдіШымкент
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев карантин мерзімін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды

Келесі жаңалық

Олардың мүмкіндігі шексіз

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»