Академик К.Ә.Сағадиев бар өмірін өзі таңдаған сала бойынша еліне қызмет етуге арнады. Ол үлкен реформатор және талантты ұйымдастырушы болды, өмір жолы қайда әкелсе де, еңбек еткен жерде жаңа идеялар енгізіп, стереотиптерді жеңе білді. Ол 1982 жылы Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы ЖОО-ын басқару сеніп тапсырылған КСРО-дағы ең табысты жас ректорлардың бірі болды. Оның күш-жігері мен табандылығының арқасында КСРО Ғылым академиясы мен Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы, Целиноград қаласының ауылшаруашылық институты базасында Биотехнологиялық орталық құру туралы шешім қабылдады және бұл шын мәнінде Қазақстандағы академиялық ғылымның әлеуетін мойындау болды. Ол әріптестері мен пікірлестерін өзіне баурап ала алатын, шабыттандыра білетін, ортақ міндеттермен бірге жұмыс істеген көшбасшы болды. Академик К.Ә.Сағадиев еңбек еткен ұжымдар әрдайым дамудың флагманы болды. Бұл – Қазақ экономикалық университеті (Нархоз), Ұлттық аграрлық университет. Кенжеғали Әбенұлы басшылық еткен екі жоғары оқу орнының – Халықаралық бизнес университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің орны бөлек. Бұл университеттер академик К.Ә.Сағадиевтің басшылығымен таза беттен бастап құрастырылып, жетілдірген және сол кезде жиналған талантты адамдар қазіргі таңда да осы жоғары оқу орындарында еңбек етіп жүр. Академик К.Ә.Сағадиевтің өмірінде ғылым ерекше орын алады. Табиғатынан реформатор ол барлық жаңалықты қабылдағыш болды, әрқашан Қазақстан экономикасы үшін сындарлы даму жолдарын табуға ұмтылды. Ол 1994 жылы Президент болып сайланған Ғылым академиясындағы жұмысына шексіз беріліп, Қазақстанның академиялық ғылымының күші мен әлеуетіне терең сенімді болды. Парламент Мәжілісі қабырғасында жұмыс істей жүріп, академик К.Ә.Сағадиев тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосты, Білім және денсаулық сақтау саласының мүдделерін қорғай отырып, адами капиталды дамыту мақсаттарына адал болып қалды. Академик К.Ә.Сағадиев әртүрлі лауазымдарда еңбек ете отырып, өмірлік ұстанымдарына, алға қойған мақсатқа деген талпынушылығына, жоғары кәсіби және адами деңгейіне риза болатын саңлақ оқушыларды тәрбиелеп шығарды. Өз елінің лайықты азаматы болған Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің жарқын бейнесі адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Халықаралық бизнес университеті ұжымы және оқушылары