Данэлия Төлешова америкалық шоудың үшінші турына өтті
Данэлия Төлешова  америкалық шоудың үшінші турына өтті
Фото: Интернеттен алынды
Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өтті. Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Кеше әлемнің барлық жерінен қатысатын конкурсанттар онлайн форматта бақ сынасты. Данэлияның өнері қазылар алқасы арасында ешбір талқылаусыз бірауыздан қабылданды. ҚазАқпараттың жазуынша, енді қазақстандық әнші үшінші турға дайындалып жатыр. Әзірге бұл тур қашан әрі қалай өтетіні белгісіз. Сонымен қатар ол қандай әнді орындайтыны да белгісіз болып отыр. Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таңғалдырған болатын. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соққан еді.