Желіде ауруханаға науқас түспеген соң қуаныштан билеп жүрген қорғаныс киіміндегі медбикелердің видеосы жарияланды,
Видеоны түсірген адам екі күннен бері ауруханаға бірде-бір науқас түспегенін, медбикелер қуаныштан билеп жүргенін айтады. Алайда видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.
28 шілдеде Қазақстанда уақытша ауруханалар мен жұқпалы аурулар стационары түрінде ашылған жеті мекеме жабылды. 2 тамыздан бастап Алматы мен басқа аймақтағы коронавирусқа байланысты уақытша ашылған орталықтарды жабу, төсек-орын санын қысқарту жоспарланған.