Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында арнайы жазба жарияланды.
"Шымкент әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.Айта кетейік, қос шенеунік те әкім орынбасары болып осыдан төрт ай бұрын тағайындалған болатын.