Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Партиялық бақылау комиссиясы Ақтөбе дәріханаларын тексерді

Дәріханадағы медициналық препараттардың қоры мен сатылу көлемін бақылап, құнын білді.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 29, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
Партиялық бақылау комиссиясы Ақтөбе дәріханаларын тексерді
16
қаралым

Қазір Ақтөбе дәріханаларында бұрынғыдай кезек жоқ. Бір дәріханадан іздегенін таппағандар екіншісінен кезіктіреді. Өйткені өңірдегі дәріханалар қоймасы апта сайын толықтырылып, қажетті дәрілер дәріханаларға күн сайын жеткізіліп отыр.

Бүгін Ақтөбе қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері дәріханадағы медициналық препараттардың қоры мен сатылу көлемін бақылап, құнын білді.

Комиссиясы мүшелері қазіргі сұранысқа ие парацетамол препаратын «Айболит», «Europharma», «Желдорфармация» дәріханаларының барлығынан кезіктірді. Өткен аптада бұл дәрі көптеген дәріханаларда бітіп қалғандықтан оның баламасы сатылған болатын. Қазір тұрғындар дәріні мөлшермен алуға үйрене бастапты. Бұрынғыдай 10 қорабын бірден сұрамайды.

Алтын қазып жатқанда топырақ басып қалған екі кеншінің жағдайы нашар

«Тендер алуға көмектесемін» – Ақтөбе тұрғыны 14 миллион теңгесінен айырылды

БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

– Дәріханаға парацетамол іздеп келдім. Екеуден беріп жатыр екен, бағасы қолжетімді. Көптеген адамдар дер кезінде таба алмай қалған соң алдын ала алып қойып жатырмын. Әзірге отбасымнан ешкім ауырған жоқ, – деп қала тұрғыны Батима Даулетиярова ағынан жарылды.

«Europharma» дәріханасының меңгерушісі Гүлнар Юсупованың айтуынша, дәріханаға вирусқа қарсы, қызу түсіретін препараттар мен антибиотиктер уақытында жеткізіліп отыр. Тұрғындар жиі сұрайтын дәрі-дәрмектердің барлығы табылады.

– Тек қазір цефтазидим бітіп қалды. Ал левофлоксациннің таблетка түрі ғана бар. Біз әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сайын дәрілерге тапсырыс береміз. Жалпы медициналық препараттың қай түрі де қолжетімді. Шетелден әкелінетін дәріге тек 10 пайыз үстемақы қосылады, – деді ол.

«Желдорфармация» дәріханасынан да қажетті дәрілердің барлығы табылды. Дәріхана меңгерушісі Гүлсина Анарбекова кезек сейілгенімен, тұрғындар парацетамол, мукалтин және вирусқа қарсы препараттарды көбірек сұрайтынын айтты.

Комиссиясы мүшелері бағасы жоғары кейбір дәрілерді жазып алды. Сондай-ақ барлық дәріханаларда қызу өлшегіш құралдың жоқтығын байқады. Дәріхана меңгерушілеріне аса қажетті антибиотик, вирусқа қарсы препараттардың тізімі мен бағасын іліп қоюды ұсынды.

Айта кету керек, өткен аптада өңірімізге 1 млн 600 мың дана ең қажетті дәрі-дәрмектің екінші легі жеткізілген болатын. Дәріханалар қоймасы Ақтөбе облысының әкімдігі мен Орынбор қаласындағы облыстық дәріхана қоймасы арасындағы келісім аясында толықтырылды. Сондай-ақ «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауытынан «Грипповир» вирусқа қарсы препаратын өндіріле бастаған. Оның бағасы нарықтағы ұсынылған аналогтардан 42 пайыз арзан тұрады.

 

 
Тегтер: Ақтөбедәріханарейд
Алдыңғы жаңалық

Халық санағы келесі жылы өткізілуі мүмкін – Дәленов

Келесі жаңалық

Министр қазақстандықтарға салықтық рақымшылық жасалатынын айтты

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 2021
8 наурызға арналған ауа райы
Басты жаңалықтар

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 2021
UFC
Жаңалықтар

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021
Қарағанды
Қазақстан

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 08:51

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 08:24

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 00:12

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 23:27

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 22:43

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 22:10

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды

Наурыз 7, 21:28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 2021
8 наурызға арналған ауа райы

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»