Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 метр секундке жетеді.
30 шілдеде Маңғыстау облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ақтауда түнде найзағай соғады. 90-95 пайызға дауыл соғады деп болжанып отыр.