Нурмагомедов пен Гэтжи кездесуінің уақыты нақтыланды
Нурмагомедов пен Гэтжи кездесуінің уақыты нақтыланды
Фото: Интернеттен алынды
124
оқылды
Мұның алдында бұл айқас жазда өтеді деп күтілген еді.
– Әкесінің дүние салғаны Хабибке ауыр соққы болды. Ол оны әрқашан үлгі тұтатын. Кім үшін де жақынын жоғалту оңай емес әрине. Бұған дейін кездесудің уақыты бірнеше рет өзгертілді. Бұл жолы спортшылармен ортақ шешімге келдік. Кездесуді күзге қарай өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Дана Уайт.
Айта кетейік, ресейлік спортшы соңғы кездесуін 2019 жылдың қыркүйегінде Дастин Порьеге қарсы өткізді. Ал бұған дейін Гэтжи UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсонмен жекпе-жекке шығып, тартысты кездесуде жеңіске жеткен болатын.