Тамыз айының 10-ы мен 16-сы аралығында теннистен Прагада өтетін әйелдер арасындағы халықаралық додаға қатысатын спортшылардың тізімі белгілі болды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады, – деп хабарлады Olympic.kz. Теннис бәсекесіне Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және де Вероника Кудерметова сынды спортшылар қатысады. Айта кетейік, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 225 мың доллар.