«Қазгидромет» РМК мамандары 30 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күш ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Манғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.