Солтүстікқазақстандық полицейлер карантин енгізілген 10 тәулікте шектеу талаптарын бұзған 186 деректі анықтады деп хабарлайды Polisia.kz. Облыста шектеу шаралары енгізілген кезеңде мониторинг топтары құрылып жұмыс істеуде. Олардың негізгі міндеті – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Карантин талаптарын бұзу оқиғаларының басым бөлігі облыс орталығында анықталды. Талдау көрсеткендей, заң бұзушылықтар Аққайың, Тимирязев, Қызылжар және Есіл аудандарында да бар.
«Алдағы демалыс күндері облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Жүріп-тұруды шектеу қажет, азық- түлік сататындарынан басқа барлық сауда орындары жабық болады. Құрбан айтты мерекелеу күндері қандай да бір үй-жайда, оның ішінде үйде көп адамның жиналуына тыйым салатын белгіленген нормаларды сақтау қажет», – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.