2 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау үшін азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:
- 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
- 578,9 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
- 314,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 595,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
- 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
- 186,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
- 1 млн 302,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).