Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 3 748 оқиғаны анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы – 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд теңге болды», - делінген хабарламада.Өткен жылы дәл осы кезеңде (жарты жылда) 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы – 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге болған.