Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі. 30 шілдеде Руслан Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты. Ол жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр дәрежеде зиян келтірді, сондай-ақ билік өкіліне тіл тигізді, телекоммуникация желісінде бейне жазбалар таратты деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырып, Жанпейісовтен 550 мың теңге өндіріп алды.