Әлем елдеріндегі телекоммуникация саласында қызмет көрсетіп жүрген компаниялар COVID-19 пандемиясының нәтижесінде туындаған ортақ міндеттерді шешу және бәріне анағұрлым инклюзивті болашақ құру үшін бірлесіп жұмыс жасауы керек. Бұл туралы Huawei корпорациясының аға вице-президенті және басқарма директоры Кэтрин Чен онлайн-Better World Summit 2020 конференцисындағы баяндамасында айтып өтті.
Саммитте бірнеше ұйымның спикерлері сөз алды, соның ішінде Халықаралық электробайланыс одағының радиобайланыс секторы (ITU-R), Ғаламдық Байланыс үшін Ғаламдық Жүйе (GSMA), Еуропалық Бәсекеге қабілетті Телекоммуникация қауымдастығы (ECTA), Оңтүстік Африка байланыс және сандық технологиялар департаменті, Тайландтың ұлттық сандық экономика және қоғам комиссиясының кеңсесі, Қытайдың ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясы (CAICT), Германияның Интернет индустриясы қауымдастығы (ECO) және ADL өкілдері тұшымды ойларын ортаға салды.
Бұл спикерлерге 80-нен астам елден бірнеше мыңдаған онлайн-қатысушылар қосылды, олар салалық саясаттың цифрлық экономиканың дамуына қалай ықпал ететінін, экономиканы қалпына келтіруге және барлығына жақсы болашақты құруға қалай көмектесетінін білді.
Соңғы 30 жыл ішінде ақпараттық технологиялар қарқынды дамыды, бұл адамдардың өмірі мен жұмысын едәуір жеңілдетті. Алайда, COVID-19 пандемиясы сандық инфрақұрылымның технологиялық дамумен бір сарында болмағандығын анықтады. Халықаралық электробайланыс одағының мәліметтері бойынша әлем халқының жартысынан көбі әлі де интернет пен басқа сандық технологияларға қол жеткізе алмай отыр. Барлық елдердегі экономика баяулаған сайын, үкіметтер экономиканы қалпына келтіру стратегиясына көбірек алаңдайды. «Болашақ біздің көзқарасымызда байланысы кең орнаған, инновацияға қадам басқан қоғам деп білеміз. Қандай әрекет істесек те ол адамзатқа ортақ пайда алып келу керек», – деді Чен мырза.
COVID-19 таралуын бәсеңдету үшін әлем елдері инфекциялық бақылау шараларын ойдағыдай жүзеге асырған, нәтижесінде кейбір елдерде экономикалық белсенділік қалпына келе бастады. Көптеген үкіметтер түрлі ынталандыру жоспарларын іске қосты және ақпаратты-коммуникациялық технологиялар әрдайым бұл жоспарларда басты орынға ие болды. Қытайда жаңа инфрақұрылым жоспары алдағы бес жыл ішінде 5G-ге инвестициялауға 140 миллиардтан астам АҚШ долларын бөлді. Бұл аталған елдің цифрлы экономикасын 2 трлн АҚШ долларынан астамға өсіріп, ішкі экономиканы қалпына келтіруге мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ, ЕО экономиканың қалпына келуін жақсарту үшін 1,1 триллион еуро пакетін жариялады.
«Экономиканы жандандыру үшін бізге жоғарыдан төменге бағытталған дизайн, сонымен қатар төменгі деңгейден креативтілік пен өміршеңдік қажет», – деді Чен.