Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы Қазақстанда жасалған вакцина сынақтан өтті

Қазақстан да COVID-19 ауруына қарсы вакцина әзірлеп жатыр.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 30, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Басты жаңалықтар
вакцина, коронавирус, сынақ

Фото: Интернеттен алынды

1.3k
қаралым

Денсаулық сақтау министрлігінің биологиялық қауіпсіздік мәселелелері комитетінің ғылыми-зерттеу институты Қазақстанда аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакцинаны дайындау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Институт биыл наурыз айынан бастап вакцина әзірлеуге кірісті.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ғылыми ұйым қауіпті инфекциялармен жұмыс жүргізетін 13 биологиялық қауіпсіздік бойынша зертханада еңбек ететін елдегі жетекші вирусолог-ғалымдарды біріктіреді. Қауіпті және аса қатерлі жұмыстардың бәрі де қауіпсіздігі 3-деңгейдегі (BSL-3) зертханада жүргізіледі. Бұл – 50 жылдық тарихы бар, вакцина әзірлеуде бай тәжірибесі жинақталған институт. Институттың зерттеу жұмыстары медицина мен ауыл шаруашылығы саласына арналған вакциналардың жаңа түрлерін жасауға, иммунобиологиялық препараттарды өндіруге, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау үшін тест жүйелерін істейді.

Министрліктің хабарлауынша, соңғы 10 жылдың ішінде институт құс, шошқа тұмауына, тері аурулары мен бруцеллез секілді қауіпті инфекцияларға қарсы 7 жаңа вакцинаның технологиясын әзірлеген. 2020 жылы институт ғалымдары түйеде кездесетін шешекке қарсы вакцина ойлап тапқан.

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Швейцарияда вакцина салдырған 16 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

«COVID-19 ауруына шалдыққан алғашқы науқастар тек наурыз айының ортасында анықталғандықтан патологиялық материал ғалымдарға тек 23 наурызда ғана қолжетімді болды. Сол тұста Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан алғашқы науқастардан сынама алынған болатын. Бастапқы кезеңде BSL-3 қорғаныс деңгейі бар зертханада SARS-CoV-2 қоздырғышы (коронавирустың қоздырғышы) ретінде анықталған вирус VERO клеткалық культурасындағы биологиялық үлгілерден оқшауланып, зерттеле бастады. Өте қысқа мерзімнің ішінде жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда институт ғалымдары алғашқы вакцинаны ойлап тапты. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оны өз веб-сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға кандидаттық вакцина ретінде тіркеді» делінген ресми хабарламада.

Вакцинаны зертханадағы тышқан, шошқа, қояндарға егіп, сынақтан өткізген.

Сынақ нәтижелері, ДДСҰ бекіткен параметрлер: уыттылығы, қызу туындатуы, аллергия тудыруы мен иммуногендігі жағынан вакцина ДДСҰ мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопелігіне сай келетіні белгілі болды. Сонымен қатар институт приматтар бойынша да вакцинаны сынақтап өткізіп, оның нәтижесінде антидене титры жоғары иммуногендікті көрсеткен. Клиникаға дейінгі зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін вакцинаны клиникалық зерттеу жұмыстары басталады. Одан бөлек институт COVID-19 ауруына қарсы әртүрлі платформада үш вакцинаны әзірлеп жатыр.

 

 
Тегтер: вакцинакоронавируссынақ
Алдыңғы жаңалық

Қайырымдылық жасаудың «Амалы» табылды

Келесі жаңалық

Мәдениет саласының қызметкерлері тегін азық-түлік таратты

Ұқсас жаңалықтар

пневмония, ауру, адам өлімі
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 2021
Асқар Мамин, Алғыс айту күні, мереке
Жаңалықтар

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 2021
ҚазАгро, Бәйтерек, холдинг, Жолдау
Жаңалықтар

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Қасым-Жомарт Тоқаев, бірлік
Жаңалықтар

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 09:06

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 08:32

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 08:25

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 1, 08:09

Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 07:52
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пневмония, ауру, адам өлімі

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 2021
Асқар Мамин, Алғыс айту күні, мереке

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»