Ғажап: Томасов қандай жетістікке ие болды? (видео)
Ғажап: Томасов қандай жетістікке ие болды? (видео)

«Астана» мен БАТЭ арасындағы қарымта кездесу 29 тамыз күні Борисовта өтеді

22 тамыз күні елордалық «Астана» өз алаңында белорусиялық БАТЭ-ні ойсырата жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жақындай түсті.

Матчтағы алғашқы голды «Астананың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов соқты. Бұл оның биылғы Еуропа лигасындағы 5 матчта соққан 7-голы. Осылайша, қазақстандық клубтың ойыншысы Еуропа лигасы атты мәртебелі турнирдің бомбардирлер көшін бастап отыр.

Томасов сұрмергендер көшіндегі бірінші орынды «Рейнджерс» шабуылшысы Альфредо Морелоспен бөлісіп тұр. Үшінші орында – «Абердин» ойыншысы Сэм Косгров. Ол 6 гол соққан. Ал Иван Тричковски (АЕК Ларнака) мен Эмилио Селайяның (Аполлон) еншісінде 5 голдан бар.

«Астана» мен БАТЭ арасындағы қарымта кездесу 29 тамыз күні Борисовта өтеді.

Ал бірінші ойындағы голдардың видеосын төменнен тамашалай аласыздар. 

https://youtu.be/vRtiyi5-Gmo