Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Партиялықтар Құрбан айт қарсаңында қолдау көрсетті

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Шілде 30, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
«Nur Otan», қолдау, құрбан айт
32
қаралым

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі Долкунтай Абдухалил аудандық филиалмен бірге қаладағы 300-ге жуық медқызметкер мен Алмалы ауданының 150 көмекке аса мұқтаж тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келіні құрайтын азық-түлік себетін ұсынып, қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша медмекемелер мен қызметкерлерді қолдау мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде. Мұндай игілікті істен партия мүшелері, кәсіпкерлер мен меценаттар да шет қалмады. Д.Абдухалил пандемия басталғалы бері елімізге 94 миллион теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті. Ол бұл жолы партияның аудандық филиалымен бірге қаланың 300-ге жуық медқызметкерлері мен Алмалы ауданының көмекке аса мұқтаж 150 тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келілік азық-түлік себетін ұсынды. Себетте ұн, қант, күнбағыс майы, макарон өнімдері, күріш пен қарақұмық бар. Бүкіл елдің басына қиындық түскен сын сағатта бұл көмек дәрігерлердің көңілін көтеріп, үлкен қолдау барын сезіндірді. Меценатқа азық-түлік себеті табысталған отбасылар атынан Гүлмира Сатыбалдиева алғыс білдірді. Ол сегіз баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың ең кішісі 1,5 жаста.

«Бізді ұмытпай, үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жатқаны үшін менің «Nur Otan» партиясына айтар алғысым шексіз. Мен 50 мың теңге материалдық көмек алдым. Енді қасиетті мерекенің қарсаңында олар тағы да менің үлкен отбасыма көмектесті», – деді көпбалалы ана.

Дәл сол күні партиялықтар қалалық №7 клиникалық ауруханада тағы да болып, оларға 3 оттегі концентраторын табыстады. Еске сала кетсек, осыған дейін «Шұғыла» қоғамдық қорының меценаттары ауруханаға 8 аса қажетті аппараттарды табыстаған болатын. Бұл жолғы бастама партия мүшесі, «Жолтранссервис-2006» компаниясының директоры  Есенгелді Талбидиновтың тарапынан болған еді.

Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды

«Бүгінде біздің еліміз коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қиын шақты басынан өткізіп отыр. Әсіресе, бірінші күннен алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге қиын екені рас. Мен кәсіпкер, өз елімнің азаматы ретінде осындай сәтте қолұшын бермей шет қала алмадым. Біз медұйымдарға КВІ жұқтырған науқастарды құтқару үшін дәл қазір аса қажет оттегі концентраторларын алдық. Одан бөлек жақын күндері аппараттарды еліміздің шет аудандарына жіберуді жоспарлап отырмыз» деді меценат.

«Біз меценаттарға, Наурызбай ауданы әкімшілігіне, сондай-ақ «Nur Otan» партиясына тұрақты қолдау мен көмегі үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі күнге дейін қайырымды жандардан 13 оттегі концентраторын алдық» деді №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Серікжан Сабырәлиев.

 

 

 
Тегтер: Nur OtanқолдауҚұрбан айт
Алдыңғы жаңалық

А.Цой: Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ

Келесі жаңалық

Қылмыс туралы хикая

Ұқсас жаңалықтар

"Тараз"
Жаңалықтар

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 2021
КамАЗ
Жаңалықтар

Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 00:20

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 23:25

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 22:59

Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 22:19

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 21:35

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 20:56

Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 20:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

"Тараз"

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»