Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қазақстандықтар масканы далада да тағуға міндеттеледі, деп хабаралайды sputniknews.kz.
Бетперде қай жерде тағылуы тиіс
- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;
- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру).