Ұшақ пен құстың айқасы
Ұшақ пен құстың айқасы
372
оқылды
Әркімнің өз шекарасы бар. Оны қорғау, қадағалау тұрғындарға тиесілі. Адамзаттың аспан шекарасына өткеніне 100 жылға жуық уақыт болыпты. Ал құстар көк жүзінде мезозойдан бері тіршілік етеді. Өткен сейсенбіде Airbus A321 ұшағы құстармен соқтығысып, жүгері алқабына қонуға мәжбүр болды. Демек, құстар ұшақтың әуеге көтеріл­геніне «қарсы». Мұның биологиялық, фило­со­фия­лық түйіні болуы тиіс. Тарқатып көрейік. 


Жуковский – Симферополь ба­ғытындағы ұшақ маторына құс­тар кіріп кеткен. Салдарынан ма­­тордың бірінен өрт шыққан. Airbus A321 ұшағында 226 жо­лау­шы, 7 экипаж мүшесі болған. Оқи­­­­ға салдарынан 23 адам ауру­ханаға жеткізілген. Оның ішінде 9-ы – кішкентай бала.

 

Bird strike

Құстардың ұшақпен соқ­ты­ғысуын ғылыми түрде зерттеудің бас­талғанына – 50 жыл. Ағыл­шын­дар bird strike атауын берген. ИКАО-ның 2001-2007 жылғы дерегінде 42 508 оқиға тіркелген. Соқтығысудың 84 пайызы 100 метр биіктікте, әуеге жаңа көте­ріл­генде, аэродромның айнала­сын­да орын алады екен. Көбінесе құс­тар ұшаққа күндізгі уақытта ша­буылдайды. Оқиға ерте көк­темде және күзде жиі орын алады. Сондықтан аталған маусымда әуе­жай маңында алдын алу шара­лары жүргізіледі.

Соңғы 25 жылда құстардың ке­сірінен 160 ұшақ бұзылып, 200-ден астам адам көз жұмған. Ха­лық­аралық азаматтық авиация ұйымының мәліметінше, жыл сайын 5 400 соқтығысу орын ала­ды. Зерттеу бойынша ұшаққа отыр­ғызу кезінде 30%, ұшу жола­ғын жүріп өту кезінде 27%, ұшу ке­зінде 16%, құстармен қақты­ғыс­тың қалған 27 пайызы белгі­лен­беген ұшу аймағында болады. «Фо­бос» ауа райы орталығының ма­маны Евгений Тишковец 400 метр биіктікте ұшақ пен құстың түйі­суін ең қауіпті деген санатқа жат­қызады. Маманның айтуын­ша, құстың қозғалтқышқа немесе ал­дыңғы терезеге соқтығысуы апат­қа әкеледі. Жолаушы тасы­мал­д­айтын ұшақта бірден төртке дейін қозғалтқыш болады. Бір қоз­ғалтқышқа тисе болды, әуе ке­месі қалбалақтап қалады екен. Бұл – торғайдың өзі алып ұшақты әуреге салады деген сөз.

 

Құстар неге қауіпті?

Ұшақ пен құстың соқтығысуы ал­ғаш рет 1905 жылы болған. Оқи­ға жайында Орвилл Райта қал­дырған дерек бар. 1960 жылы 72 жолаушысы бар Lockheed L-188 ұша­ғы апатқа ұшыраған. Бостон әуе­жайынан бағыт алған ұшақ құстармен «кездеседі». Сал­дары­нан ұшақтың үш моторы істен шы­ғып, 62 адам қаза табады.

Құс кішкентай әрі мамық, ұшақ қатты әрі мықты. Сондықтан адамдар соқтығысуды қауіпсіз деуі мүмкін. Бұл – қате пікір. Ұшақ­тың жылдамдығы орасан. Оған кезіккен кез келген нәрсе қауіпті. 270 км/сағ жылдамдықпен ұша­тын ұшаққа 5 келі тартатын құс та ауыр келеді. Энергия 100 келі сал­мақпен 15 метр биіктіктен құлаған адамның күшіне тең бо­лады. Құс­тар әуе кемесінің те­ре­зесіне, кор­пусына соғылады. Ста­тистикалық мә­ліметте bird strike-тың 51 пайы­зы қозғалт­қыш­қа кірумен аяқ­талады. Ұшу ке­зінде турбиналар үлкен шаңсор­ғыш­тың рөлін атқарады. Құс тур­бинаға соғылса да, жылдам­ды­ғы бәсеңдемейді. Егер осы сәтте құс моторға түссе, ұшақ зардап ше­геді. Домино тасы секілді мо­тор­дың бірінен соң бірі толық іс­тен шығады. Bird strike көк­жиек­те қилыспаса, төменгі қа­шық­тық­та ұшақты қауіпсіз жер­ге қон­ды­руға болады. Ал жағдай биік­тікте болса, соңы апатқа ұла­сады.

Заманауи ұшақтар 1,8 келілік құс­тарға төтеп бере алады. Қауіп­тісі – 3 келілік қаз. Бұдан да қауіп­тісі – құстар тізбегі. Соқтығысу ке­зінде құстар ұшақтың кез келген бө­лігіне соғылуы мүмкін. Кейде екі қозғалтқышты да істен шығара алады.

Airbus A321-де екі қозғалтқыш болған. Жоғарыда жолаушы та­сымалдайтын ұшақтың үш, төрт қозғалтқышы болатынын жаздық. Барлық ұшақ ұшу мен қонуды 1 қозғалтқышпен еңсере алады. Егер ұшақта 3 қозғалтқыш болып, оның біреуі істен шықса, әсер етпейді. Ал Airbus A321-дегідей барлық қозғалтқыш істен шықса, жағдай қиын. Мұндай ұшақты басқару әрі қонуды ұйымдастыру ептілікті талап етеді.

 


Bird strike-қа 
қарсы күрес

Әуежай айналасында, ұшақта құстарды үркіту үшін дыбыс жаз­басы қолданылады. Кей әуежайда акустикалық оқ пен пиротехника бар. Ұшу аймағында құс ұясы бол­мауын қадағалайтын арнайы топ жұ­мыс істейді. Еуропа мен Аме­рикада әуежай маңында құстар­дың жеңсік асы болмауын тексе­ре­ді. Байқасаңыз, ұшақ алаңқай­лары қаланың шетінде, жазықта орналасады. Онда не көп, ағаш көп. Ағаш тек талғажау ғана емес, құс­тарға «тұрғын жай» бола алады. Әуежайда бірді-екілі жерде газон болады. Газон болған жерде шы­бын-шіркей жүреді. Шыбын-шір­кейге құстың құмарлығы айтпаса да белгілі. Мысалы, құстармен соқ­­­тығысқан Airbus A321 жақын жер­дегі жүгері алқабына қонды. Жү­гері алқабы дегеніміз құс «қар­нын тойдыратын» жер емес пе?

Солт-Лейк-Сити әуежайында 28 гектар жерді түгелдей асфальт­таған. Бұл bird strike болмайды дегенге кепілдік бермейді. Орни­тологтар көктем мен күзде жағ­дайдан қашып құтыла алмай­тынын ескертеді. Сондықтан 130 дицебелдік дыбыстан гөрі, құсқа құсты қарсы қойғанды жөн кө­реді. Сұңқар, қыран секілділер жем­тігін мүлт жібермейді. АҚШ пен Канада әуежайында ит пен шош­қаны құс «аулау» үшін қол­данады екен. Түрлі әдісті байқап көргенмен, bird strike-пен күрестің нақты формуласы жоқ. Мұны ма­мандар растап отыр.

Философия не дейді?

Бәріміз Жер ғаламшарында өмір сүреміз. Жер шамамен 4,5 млрд жаста болса, құстардың ға­ламды мекендегеніне 160 млн жыл­ға жуықтады. Адамзат дәуір сайын дамып отырды. Ғасыр бұрын адам әуеге көтеріледі деп ешкім ойлаған жоқ. Құстар да. Әуе кеңістігіндегі айқас осылай бас­талды. Ұшақтың өзі алып құс­қа ұқ­сайды. Ғалымдар ұшақты құс­тар­ға қарап ойлап тапқан. Екеуін­де де қос қанат бар. Бірін техника ұстап тұр, екіншісі – табиғи жара­тылыс. Өзіне ұқсас жаратылысты көр­ген кімге ұнасын? Құстардың кеңіс­тікте көтеріліске шығуына осы фактор әсер еткен сияқты. Олар өзінен үстем ұшақты ұната қой­мады. Осылайша, көкте ұшақ пен құстың қақтығысы басталды. Де­генмен табиғи әсерді ұмытпаған жөн.

 

Қазақстанда...

2018 жылы Эйр Астана әуе­ком­паниясында 37 жағдай тір­келіпті. Соның 8-і Алматы әуе­жа­йын­да болған. 2017 жылы 72 оқи­­ғаның 10-ы әуе кемесінің бұзы­луы­­мен, 19-ы ұшу уақытының ке­­шігуімен аяқталған. Әуе кеме­сінің жөндеу жұмыстарына 850 мың доллар қаржы жұмсалған.

Алматы әуежайы маңында ас­тық алқабының, жасыл-желек­тің болуына байланысты құспен ке­зігу жиі орын алады екен. Ор­ни­тологтар түрлі шара қолданғанмен, құстар тізбегіне қарсы тұра ал­майды. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының маңында Майбалық көлі бар. Көл мен әуежай арасы алшақ болғанымен, құстарға ке­дергі емес. Сондықтан қызмет­кер­­лер жоғарыдағы үркіту түр­лерін қолданады. Мамандардың айт­уынша, 700 ұшудың тек төртеуінде құспен қақтығыс орын ала­ды екен. Төртеуі дегенімізбен бұл – ұшақ үшін айтарлықтай қауіпті әрі шығын. Құстардың кесірінен әлемдік әуекомпаниялар 1,2 млрд доллар шығынға ұшы­рай­ды. Қа­зақстандағы мекемелер 4 миллион долларға зардап шегеді.

1970-2010 жылдар аралығында ұшақпен жолаушы тасымалдау 9 есе өскен. 2018 жылы әлем бойын­ша 21 мың ұшақ жолаушы тасы­мал­даған. 2037 жылға қарай авиаин­дустрия жолаушы тасы­мал­дайтын ұшақ санын 37 мыңға жет­кізуді қалайды. Ұшудың қауіп­сіз болуы үшін жағдай жасау – мін­­дет. Бірақ табиғат заң­дылы­ғы­на қарсы шыға алмайсың. Балық көлінде, бақа шөлінде қожайын бол­ғаны секілді, әуе иелігі құстар­ға тиесілі. Десе де, адамзат шеш­пе­ген жұмбақ жоқ. Демек, алдағы уа­қытта ұшақ пен құс аспанды ер­кін «бөлісе» алатын күн келеді.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ