Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алтынкөл станциясы басшысына қатысты іс қозғады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алтынкөл станциясы басшысына қатысты іс қозғады
Видео кадры
173
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Алтынкөл станциясының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Алтынкөл станциясының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өзінің қол астындағы қызметкері - жүк бөлімінен ЖШС экспедиторлық компаниясының директоры арқылы ҚХР-дан келетін төрт вагонды тез уақытта шығарып бергені үшін мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов. 2019 жылы Алтынкөл станциясының бұрынғы басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын.